8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты мерекелік іс-шара
5 наурыз күні 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған қалалық салтанатты мерекелік іс-шарада Қала әкімінің Дипломымен Ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы қажырлы еңбегі және жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне сіңірген зор еңбегі үшін «Шығармашылық шабыт шырағы» номинациясымен мектебіміздің директоры Г.С. Жексембекова марапатталды. Құттықтаймыз!!! Сонымен қатар мектебіміздің хореография, домбыра, жетіген, дәстүрлі ән сыныбының оқушылары белсене қатысып, көпшілік көрерменге әннен, күйден, биден шашу шашып көпшілік алғысына бөленді.






https://www.facebook.com/reel/2403891540049689
https://www.youtube.com/shorts/UC6Zah0jYGo
