Размер шрифта:
Х облыстық «ШАБЫТ ШАТТЫҒЫ» орындаушылық шеберлік байқауы
04-03-2026 20:58
Х облыстық «ШАБЫТ ШАТТЫҒЫ» орындаушылық шеберлік байқауы
2026 жылдың 28 ақпанында колледждердің балалар музыка мектептері, балалар өнер мектептері, көпсалалы қосымша білім беру ұйымдары, музыка және хореография бөлімдерінің мұғалімдері арасында «Театр шығармашылығы» номинациясы бойынша Х облыстық «ШАБЫТ ШАТТЫҒЫ» орындаушылық шеберлік байқауының III кезеңі өтті. Байқауға Қарқаралы, Осакаров аудандары мен Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау қалаларының, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің театр пәндері бойынша қосымша білім беру ұйымдарының дипломды педагогтері, театр үйірмелері мен студияларының жетекшілері, балалар өнер мектептерінің, оқушылар сарайларының және балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталықтарының педагог- ұйымдастырушылары қатысты. «Сахна монологы» санатындағы жас санаттары: 1-санат – 20-25 жас, 2- санат 26-35 жас, 3-санат - 35 жастан жоғары. «Миниатюра» санатында аралас жас топтары бар. Байқау қорытындысы бойынша “ Сахналық монолог” номинациясы :
Il жас санаты:
1- орын Пак А. Ю;
2- орын Ибраев М. Б ие болды.
 
 
Орындарыңыз құтты болсын! Шығармашылық табыс тілеймін!!!