«Мәңгілік ел әуендері» II қалалық байқауы
06-12-2025 12:50
«Мәңгілік ел әуендері» II қалалық байқауы
«Адал азамат» – Бірлік және ынтымақ айдары аясында Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес 5 желтоқсан күні Балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жалпы білім беретін мектеп оқушылары хор ұжымдарының «Мәңгілік ел әуендері» атты II қалалық байқауы өтті.Байқауға қала мектептерінен 16 хор ұжымы қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай кіші топ, орта топ және ересек топ болып бөлінді.
Әділқазылар алқасы құрамында:
– Балқаш қаласының ардагер музыка пәннің ұстазы Каукербекова Айгүл Нургаслиевна,
– Балқаш қаласы білім бөлімінің әдіскері Сахабаева Айгүл Сериковна,
– Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ директоры, музыка пәнінің мұғалімі Мусина Альмира Калкамановна,
– «Балалар өнер мектебі» КМҚК вокал сыныбының педагогі Нурбекова Ғалия Сарсембековна.
 
Хор ұжымдарының өнері келесі критерийлер бойынша бағаланды:
интонация тазалығы, вокалдық-хор дағдыларын меңгеру деңгейі, сахна мәдениеті, орындаушылық және шығармашылық даралық, туындының түпнұсқасын жеткізе білуі.Барлық мектептер жоғары деңгейде дайындалып, келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Кіші топ (1–4 сыныптар):
Бас жүлде – Абай атындағы №2 мектеп-лицейдің «Әуен» хоры
Жетекшісі: Еркінова Ж.Е.
I орын – әл-Фараби атындағы ЖББМ «Жас ұрпақ» хоры
Жетекшісі: Қуанышбаева З.Т.
II орын – Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейдің «Балдырған» хоры
Жетекшісі: Карина Г.Т.
II орын – №9 ЖББМ «Балдәурен» хоры
Жетекшісі: Жакупбекова Шайзат Даулетовна
III орын – С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназияның «Жас қыран» хоры
Жетекшісі: Сыздыкова А.К.
III орын – А.Ермеков атындағы мектеп-лицейдің «Жалын» хоры
Жетекшісі: Алтынбекова З.А.
Орта топ (5–7 сыныптар):
Бас жүлде Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейдің «Ақ желкен» хоры
Жетекшісі: Кажикаримова Айгерим Ержановна
I орын – М.Русаков атындағы мектеп-интернат КММ, «Шабыт» хоры
Жетекшісі: Нургалиева Н.М.
II орын – Саяқ №6 ЖББМ «Саяқ жұлдыздары» хоры
Жетекшісі: Телембетова Арайлым Бауыржановна
III орын – әл-Фараби атындағы ЖББМ «Болашақ» хоры
Жетекшісі: Смайлова Г.Ж.
III орын – Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББМ хор ұжымы
Жетекшісі: Токтаубаева Э.Б.
Жоғарғы топ:
Бас жүлде-Саяқ №6 ЖББМ «Саяқ жұлдыздары» хоры
Жетекшісі: Телембетова Арайлым Бауыржановна
Байқауға қатысқан басқа да хор ұжымдары «Жас патриот», «Жас өрен», «Үздік ән», «Тәуелсіз елдің ұландары» номинацияларын иеленді.
 
 
Барша қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер және жарқын жеңістер тілейміз!