«Шабыт Шаттығы» атты Х облыстық байқауы
2025 жылдың 30 қазанында балалар музыка және өнер мектептерінің, қосымша білім ұйымдарының және колледждерінің музыкалық бөлімдері педагогтері арасында «Шабыт Шаттығы» атты Х облыстық байқауының Солистер (академиялық, эстрадалық, вокал, дәстүрлі ән айту) номинациясы бойынша бірінші кезеңі өтті. Байқауға Абай, Бұхар жырау, Осакаров,Шет аудандарының және Балқаш ,Қарағанды, Теміртау қалаларының БММ,БӨМ сондай-ақ Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің оқытушы педагогтері қатысты. Жас санаттары : 1-санат-35 жасқа дейін; 2- санат- 35 жастан жоғары. Мектебіміздің вокал класының педагогі Тлеулина Жанар Сагинтаевна қатысып,жүлделі 2-ші орынға ие болды. Жеңісіңіз құтты болсын!