"Ыстықкөл достарды жинайды-2025" XV халықаралық этно-көші
Ежелгі Ыстықкөл мұзсыз көлінің солтүстік жағалауында Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және "Балажан" эстетикалық тәрбиенің республикалық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына, ҚР "Ұлттық рух-әлемдік биіктіктер" доктринасы жөніндегі іс-шараларын іске асыруға арналған "Ыстықкөл достарды жинайды-2025" XV халықаралық этно-көші өтті. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мемлекеттері қатыстысқан этно-көшке Балқаш қаласының Балалар өнер мектебі-ЮНЕСКО Клубының «Ақмаржан» хореографиялық ансамблінің 29 оқушысы қатысып, Ұлтымыздың дәстүрлерін, ұлттық тағамдарын, ойындарын, би өнерін насихаттады. Этно-көш аясында өткен би байқауына қатысып, "Жеңіс жолы", "Тәуелсіздік таңы" би қойылымдары І орынға ие болды! Жетекшісі Баймамырова Айман Жасымбековна! "Мир без войны", "Қазақ қазынасы" би қойылымдары белсене қатысқандары үшін дипломға ие болды! Жетекшісі Бекпенбет Мейрамкүл Қанатқызы! Оқушыларды ұйымдастырып апарған хореография бөлімінің меңгерушісі Шыныбаева Самал Ермекбаевнаға рахмет! Жеңістеріңіз құтты болсын!
На северном побережье древнего незамерзающего озера Иссык-Куль, по инициативе Министерства образования и науки Кыргызской Республики и Республиканского учебно-методического центра эстетического воспитания «Балажан», прошёл XV Международный этно-караван «Иссык-Куль собирает друзей – 2025», посвящённый 80-летию Победы в Великой Отечественной войне и реализации мероприятий в рамках Доктрины Республики Казахстан «Национальный дух - мировые высоты». В этно-караване, в котором приняли участие Казахстан, Кыргызстан, Узбекистан, Таджикистан и Россия, приняли участие 29 учащихся хореографического ансамбля «Ақмаржан» Детской школы искусств города Балхаш - Клуба ЮНЕСКО. Они представили традиции казахского народа, национальные блюда, игры и танцевальное искусство. В рамках этно-каравана ансамбль участвовал в танцевальном конкурсе, где постановки «Путь Победы» («Жеңіс жолы») и «Рассвет Независимости» («Тәуелсіздік таңы») завоевали I место! Руководитель - Баймамырова Айман Жасымбековна. Постановки «Мир без войны» и «Казахское наследие» («Қазақ қазынасы») были награждены дипломами за активное участие! Руководитель - Бекпенбет Мейрамкуль Канаткызы! Благодарим заведующую хореографическим отделением Шыныбаеву Самал Ермекбаевну за организацию и сопровождение учащихся! Поздравляем с победой!






