Размер шрифта:
«Ғасыр сазын тербеткен- Нұрғиса» концерт
07-04-2025 16:24
«Ғасыр сазын тербеткен- Нұрғиса» концерт

 

5 ақпан күні мектебіміздің жылдық жоспарына сай Композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай қала ардагерлеріне және мектебіміздің педагогтары мен оқушыларына, ата-аналарына арнап «Ғасыр сазын тербеткен- Нұрғиса» атты концерт ұйымдастырды. Концертте Н.Тлендиевтің ән- күйлері, билері, шығармалары орындалып, келген көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйланып, зор қошеметке бөленді. Ардагерлер үлкен ризашылықтарын білдіріп өнерпаз балғындар мен педагогтерге шығармашылық табыс, еңбектеріне жеміс тілеп, естелік суретке түсіп, көңілді тарқасты.