«Наурыз - көктемгі жаңару мерекесі» іс-шарасы

Балқаш қалалық "Үлкен Жүрек" қоғамдық бірлестігінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында өткізген «Наурыз - көктемгі жаңару мерекесі» атты іс-шарасына Балқаш қаласы білім бөлімінің Балалар өнер мектебі оқушылары мен педагогтары қайырымдылық концерттік бағдарламасын және педагогтар өз еріктерімен ораза айында сол жердегі ерекше жандарға сыйлықтар, тәттілер үлестіріп, зор алғысқа бөленіп, барлығына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық мерекеміз болған соң Ақмаржан би ансамбліінің орындауында Қазақ биі «Нәзік" ,А . Құнанбаев «Сегіз аяқ" Молдабай Бейбарыс (Дәстүрлі ән) Р.Бейсенұлы «Қолбасшы» Абзали Олжас,( домбыра) театр бөлімі "Алдампаз Алдар-Көсе» ертегісі, Нусипбек Еркебулан Ыкылас «Ерден»(қобыз), Абай «Көзімнің қарасы» орындаған Ералықызы Мерей (скрипка),Қ. Құрманбаев «Ел аман эстрадалық әндерін ұсынды.Сонымен қатар көркемөнер бөлімінің педагогтары сол жерде балық баланы өздері көрсетіп жатқан шебер сыныпқа қатыстырып, бір серпілтіп алды.Тамашалап отырған жандар музыка ырғағымен тербеліп, қуанып,, керемет сезімде болды.








