«Қазақ киізі бүгінгі қолданыста» ашық сабақ
20-12-2023 10:49
«Қазақ киізі бүгінгі қолданыста» ашық сабақ
Жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 19- шы желтоқсанында, КМҚК «Балалар өнер мектебі-ЮНЕСКО клубы», көркемөнер бөлімінің педагогі Садвакасова Д.Б. ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың тақырыбы: «Қазақ киізі бүгінгі қолданыста» . Сабақ барысында педагог компьютерлік графиканы кеңінен қолданып, киіздің тарихына үңіле кетті.
Қазіргі заманда әр түрлі технологияларды пайдалана отырып, сан түрлі фактуралар мен маталарды - жібек, мақта, кендір, токыма заттарды үйлестіре отырып, нағыз өнер туындыларын жасау үлгілерін көрсетті.
Сабақ барысында, оқушылармен дымқыл техникасында жүннен илеп басылған шағын киізбен сөмке сәндеп жасады.
Сергіту сәті ретінде балалар сөзжұмбақ шешті.
Динара Берікжанқызы, сабақ тақырыбын толық ашып, алдына қойған мақсатына жете білді.