Қала мектептерінің музыка және көркемдік жетекші ұстаздарына арналған қалалық ашық сабақ
Балқаш қаласының қосымша білім беру педагогтары қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 27 қарашысында «Балар өнер мектебінде» театр бөлімінің ұстазы Жангазиев Ж.Ж қала мектептерінің музыка және көркемдік жетекші ұстаздарына арналған қалалық ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың тақырыбы «Сөйлеу техникасы мен дем алу жаттығулары» Сабақ барысында педагог тақырыпты толық ашып, оқушылыардың шеберлігін ұштай білді. Оқушылар дем жаттығуларын қалай пайдалану керек екенін ұғынып, артикуляциялық жаттығулар арқылы тілдің, еріннің, ауыз қуысының жұмыс жасауын меңгеріп, әр- түрлі жаңылтпаштар арқылы миға шабуыл жасалып, ойлау қабілеттерін жетілдіре түсті.
Сабақты, М.Мақатаевтің «Ана, сен бақыттысың», «Отан турылы» Міржақып Дулатовтың «Ананың сүюі» атты өлең – поэзиясымен қорытындылады.
Оқушылар өлең жолдарын нақышына келтіре орындап, жүректен жүрекке жеткізе білді.
Сабақ соңында, шақырылған қонақтар өткізілген іс-шараға және Жангазиев Ж.Ж- ның кәсіби шеберлігіне жоғарғы баға беріп, шығармашылық табыс тіледі.