«Жаз-2023»
5 маусымнан бастап, Балалар өнер мектебі-ЮНЕСКО клубының қабырғасында «Жаз-2023» аясында домбыра, гитара, фортепиано, скрипка аспаптарында ойнап үйрету, ән айту, сурет салу, би билеу, актерлік шеберлікке баулу бойынша қала мектеп оқушыларына тегін сабақтар жүргізілу басталды. Педагогтар әр оқушыны ынтасына қарай саралап, қабілеттерін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізеді.





