Жыл сайын мектебіміз жас мамандармен толықсуда. Балалар өнер мектебінде 8 жас маман еңбек етеді. Атап айтсақ: саксофон класының педагогі Веселкова А А, көркемөнер бөлімінің педагогі Жунисбаев М Ж, хореография класының педагогі Мәди Ш М, театр бөлімінің педагогі Пак А Ю, көркемөнер бөлімінің педагогі Совет А Қ, домбыра класының педагогі Тоқмырза А Б, театр бөлімінің педагогі Ибраев М Б, музыка-теория класының педагогі Захарова Е В. Мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында, оларға әдістемелік көмек көрсетіліп, сабақ үрдісін дұрыс ұйымдастыру үшін кеңестер беріліп , қолдап отырады. Мектептің жоспарына сәйкес, жас мамандар жыл бойы берілген сабақтарына сараптама жасап, кездескен қиыншылықтарымен бөлісіп, қолданылған әдіс-амалдарын, жұмыстарының нәтежиелерін ортаға салады.






