«Ақмаржан» би ансамблінің құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ертеңіме сенемін» атты хореография бөлімінің есеп беру концерті өтті
22 сәуір күні М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында Балалар өнер мектебінің «Ақмаржан» би ансамблінің құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ертеңіме сенемін» атты хореография бөлімінің есеп беру концерті өтті. Концетте 300-ге жуық оқушы өнер көрсетіп балалар биі, қазақ билері, заманауи билер, әлем халықтараның билері, жеке билер орындалды. Іс-шараға ансамбльдің «Ақмаржан» тобы болып аталуына себепкер болған Тлеугулова Ботакөз Акпасовна, қазіргі таңда хореография саласында жұмыс жасап жатқан, Тәттімбет атындағы колледжде оқып жатқан түлектеріміз қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Хореография бөлімінің меңгерушісі Шыныбаева С.Е., педагогтар Баймамырова А.Ж., Тоғайбаева А.А., Бекбенбет М.Қ., костюмер Усенова С.М. қала әкім Қ.Камзиннің Алғыс хатымен, педагогтар Мәди Ш.М., Бекдайыр А.Н., Жұмағұлов А.А. қала білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Қ.Дүбірбекованың Алғыс хатымен марапатталды. Іс-шараны ұйымдастыруда атсалысқан ата-аналар комитетіне зор Алғыс білдіремізи.о!
22 апреля во Дворце культуры им.М.Хамзина состоялся отчетный концерт хореографического отделения «Ертеңіме сенемін»», посвященный 10-летию создания ансамбля танца «Акмаржан» Детской школы искусств. В концерте приняли участие около 300 учащихся, исполнили детские танцы, казахские танцы, современные танцы, танцы народов мира, индивидуальные танцы. В мероприятии приняли участие Тлеугулова Ботакоз Акпасовна, первый руководитель ансамбля «Акмаржан», выпускники школы которые работают в сфере хореографии, студенты колледжа имени Таттимбета. Заведующая хореографическим отделением Шыныбаева С.Е., педагоги Баймамырова А.Ж., Тогайбаева А.А., Бекбенбет М.К., костюмер Усенова С.М. были награждены Благодарственным письмом акима города К.Камзина, педагоги Мади Ш.М., Бекдайыр А.Н., Жумагулов А.А. были награждены Благодарственным письмом исполняющей обязанности руководителя отдела образования города К.Дубирбековой. Выражаем огромную благодарность родительскому комитету за участие в организации мероприятия!









