Размер шрифта:
Международный фестиваль - "Шашу"
26-03-2018 18:01

2018 жылдың 26-29 наурыз күндері Астана қаласындағы М.Өтемісов атындағы Оқушылар  сарайында  «Шашу»  2-ші Халықаралық өнер фестивалі болып өтті.Фестиваль түрлі мемлекеттердегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы мәдени және достық қарым-қатынасты нығайтуға, шығармашылықты қолдау мен дамытуға, шығармашылық ұжымдардың өнер жетістіктерімен және тәжірибесімен бөлісуге, балалар мен жасөспірімдерді Қазақстанның мәдени байлығымен таныстыруға бағытталған.«Шашу» халықаралық фестиваліне еліміздің дарынды балалары мен жастары, сонымен қатар Ресей Федерациясының, Қырғызстанның шығармашылық ұжымдары қатысты.

Осы өнер фестивалінің ән номинациясына Вокал сыныбының 3 сынып оқушысы Жарасқызы Ажаржан қатысып,2 ән орындады.

1.Елге сәлем Әні:А.Қоразбаев.2.Ал,құрбым.Әні:Б.Бәбіжан

Байқаудың қорытындысы бойынша Жарасқызы Ажаржан байқаудың  1-ші дәрежелі дипломанты атанды.