Размер шрифта:
Қосымша білім беру жүйесінде заманауи цифрлық білім беру технологияларын қолдану» тақырыбында ZOOМ платформасы арқылы семинар болып өтті.
30-01-2023 10:30

2023 жылдың қаңтар айының 27 жұлдызында Балқаш қалалық қосымша білім беру педагогтері қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес, Балқаш қаласының қосымша білім беру педагогтерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісу мақсатында « Қосымша білім беру жүйесінде заманауи цифрлық білім беру технологияларын қолдану» тақырыбында ZOOМ платформасы арқылы семинар болып өтті. Семинарға мектебіміздің Хореография бөлімінің концертмейстері Шыныбаева Самал Ермекбаевна «Хореография сыныбындағы концертмейстер жұмысының өзектілігі мен ерекшеліктері» тақырыбында, «Декоративті арт- объектіні жасауда Дрифт-вудка» еліктеу тақырыбында көркем өнер бөлімінің педагогі Бурлакова Юлия Владимировна және « Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар жоғары деңгейде өтті. Семинар соңында барлық баяндамашыларға қалалық деңгейде тәжірибе жинақтауды растайтын сертификаттар табыс етілді.