24 қаңтар күні Балқаш қаласы, Балалар өнер мектебінің дәстүрлі ән сыныбы педагогі Абдуалиева Жансая Нургазиевнаның сынып оқушыларының «Халық әні- қазынам» атты концерті болып өтті. Бұл біз үшін үлкен мереке болды. Мерекеге себепкер Тәттімбет атындағы өнер колледжінде оқып жатқан шәкірттері, мектебімізге ат басын тіреп келіп, біздің өнерге енді келіп қосылып жатқан жас таланттармен тәжірибие алмасып, оларға шебер сынып ретінде кездесу жасап, пікірлесіп, арты керемет үлкен концертке ұласты. Мектебімізден алған білімдерін әрі қарай сол сала бойынша жалғастырып жатқан шәкірттерге шығармашылық табыс, өнерде қанаттарың талмасын, самғай беріңдер дегіміз келеді........Жас өрендеріміздің өнерлері өрге жүзіп, қалықтап самғай берсін!!!










https://www.facebook.com/ArtSchoolBalkhash/videos/1375033086666015
Сәттілік тілейміз !!!