Тәуелсіздік күні-басты ұлттық мерекесі құтты болсын!
16-12-2021 12:11
Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар! Тәуелсіздік күні-басты ұлттық мереке! Осыдан 30 жыл бұрын 1991 жылдың 16 желтоқсанында бұл мереке жаңа егемен және Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дүниеге келуін атап өтті. Осындай аз ғана тарихи кезеңде Қазақстан халқы ортақ күш-жігерінің арқасында демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алды.
Біздің мектеп осы жылдар ішінде көптеген жетістіктерге жетті. 1999 жылы қаланың музыка мектебі мен көркемөнер мектебі біріктіріліп, өнер мектебі деп аталды. "Мәдени мұра" бағдарламасы бойынша жаңа мамандықтар ашыла бастады. Олар: вокал, дәстүрлі ән айту, музыка теориясын балалар өздерінің ана тілінде оқи бастады. Көркемсурет бөлімінде компьютерлік графика пәні енгізілді, "Қайнар"бейнелеу өнері студиясы ашылды. 2011 жылы халықаралық, республикалық деңгейдегі түрлі байқауларға қатысу арқылы балалар шығармашылығын белсенді насихаттағаны үшін, материалдық емес мәдени мұраны тәрбиелік іс-шаралар арқылы насихаттағаны үшін мектепке ЮНЕСКО клубы мәртебесі берілді.
Осы жылдар ішінде вокал, флейта, хореографиялық бөлім бойынша біздің тәрбиеленушілеріміз Италия, Франция, Түркия, Израиль, Ресей елдеріне халықаралық конкурстарға барды.
2013 жылы мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, КСРО Халық әртісі, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Күләш Байсейітова атындағы вокал кабинеті ашылды. Содан бері 9 жыл бойы Күләш Байсейітова атындағы стипендия тағайындалып келеді.
Біз Мәдениет және өнер оқу орындарында оқуын лайықты жалғастырып, халықаралық конкурстарға белсенді қатысып жүрген өз түлектерімізді және тәрбиеленушілерімізді мақтан тұтамыз.
Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін еңбек ардагерлеріне алғысымызды білдіреміз! Жас мамандарымызға еліміздің өркендеуіне үлкен үміт артамыз.
Тәуелсіздік күні-әрбір қазақстандық үшін айтулы мереке. Бұл біздің ортақ Отанымыздың бостандығының, әл-ауқатының және күшінің символы болып саналады.
Әрбір үйге және әрбір отбасына денсаулық пен амандық, молшылық, тыныштық пен бейбітшілік тілеймін!
Құрметпен Балалар өнер мектебінің директоры Жексембекова Г.С.