Ең үздік оқитын, халықаралық, республикалық байқауларының жеңімпазы атанған оқушыға Күләш Байсеитова атындағы сыйақы тағайындалады.
30 қараша күні Балқаш қаласының Балалар өнер мектебінде Қазақстан Республикасының Президент күні қарсаңында ең үздік оқитын, халықаралық, республикалық байқауларының жеңімпазы атанған оқушыға Күләш Байсеитова атындағы сыйақы тағайындалады. 2013 жылдан тағайындалып келе жатқан сыйақы иегерлері қазіргі таңда өз білімдерін өнер саласы бойынша жалғастырып жатыр. 2021-2022 оқу жылында сыйақыны флейта класының 5-ші сынып оқушысы Адельгожина Амина алды. Амина Қазақстан, Ресей мемлекеттерінде өткен «Жас талант», «Музыка жолы», «Таланттар уақыты», «Жібек жолы», ІХ халықаралық Ю.Н.Должиков атындағы, ІІІ халықаралық мәдениет және өнер саласындағы «Таланттар уақыты», «FRULLATO», ІІІ «SFORZANDO» халықаралық байқауларының, облыстық 51-ші, 54-ші жас музыканттар байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы. Сыйақы иегеріне сертификат тапсырылып, фотосы құрмет тақтасына орналастырылды. Өнерлі шәкірт тәрбиелеген ұстаз Светлана Демиятовна Шохатаеваға, Аминаның шығармашылық өсуіне қолдау көрсеткен ата-анасы Мадияр Бахытжанович пен Асель Ергалымовнаға шексіз алғысымызды білдіреміз!!!
30 ноября, накануне Дня Президента Республики Казахстан, в Детской школе искусств г.Балхаша лучшей ученице, победительнице международных и республиканских конкурсов была учреждена стипендия имени Куляш Байсеитовой. Обладатели стипендии, назначаемые с 2013 года, в настоящее время продолжают обучение в сфере искусства. В 2021-2022 учебном году стипендию получила Амина Адельгожина, ученица 5 класса по классу флейты. Амина победительница международных конкурсов прошедших в Казахстане и России «Юное дарование», «Путь музыки», «Время талантов», «Шелковый путь», IX Международного конкурса в области культуры и искусства имени Ю.Н. Должикова, «Время талантов», «FRULLATO», III международного конкурса «SFORZANDO», 51-го и 54-го областных конкурсов юных музыкантов. Победителю был вручен сертификат, фотография была размещена на почетной доске. Выражаем огромную благодарность педагогу Шохатаевой Светлане Демиятовне, воспитавщей талантливую ученицу, родителям Мадияру Бахытжановичу и Асель Ергалымовне за поддержку Амины, в ее творческом росте!!!

