Дәстүрлі әншілер байқауына мектебіміздің дәстүрлі ән сыныбының екі педагогі қатысып жүлделі орындар иеленді
«Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» КМҚК-ның ұйымдастыруымен өткен Әнші, композитор, Қазақ КСР-ның халық әртісі М.Ержанов атындағы «Сайра, бұлбұл!» аймақтық дәстүрлі әншілер байқауына мектебіміздің дәстүрлі ән сыныбының екі педагогі қатысып жүлделі орындар иеленді.
Ұзақбай Нұрболат Таңатұлы Бас жүлде және 150.000 теңге көлемінде сыйақы иеленсе, Жасымхан Нұржан Тілекұлы 1 орын және 100.000 теңге сыйақы қанжығасына байлады.
Құттықтаймыз !!!