Размер шрифта:
1 қазан мектебімізде ұстаздар күніне мерекелік шара ұйымдастырылды
01-10-2021 18:35

1994 жылдан бері дүние жүзінің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Біздің мемлекетімізде де бұл мерекені қазан айының алғашқы жексенбісіне белгілеген. Дәлірек айтсақ, мұғалімдер күні 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО жоғарғы кеңесі президумының бұйрығымен қазан айының алғашқы жексенбісіне қойылған. Сондай-ақ 1966 жылы 5 қазанда ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері "Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар" құжатына қол қойған.Осыған орай 1 қазан мектебімізде ұстаздар күніне мерекелік шара ұйымдастырылды. Іс-шарада мектебіміздің басшысы Г.С.Жексембекова педагогтарды төл мерекелерімен құттықтап, Алғыс хат, Құрмет грамоталарымен марапаттады.