Жас дарын
Маусым айының 1-ші жұлдызында Өнер мектебінің мектеп бітіруші түлектерінің «Жас дарын» номинациясы бойынша марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл номинация қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға белсене қатысқан түлектерге тағайындалды. Іс-шараға қонақ ретінде мектеп директорлары, түлектердің ата-аналары және газет тілшілері қатысты. Ата-аналарға алғыс хат, ал түлектерге мектеп бітіру құжаттары мен алғыс хаттармен марапатталды.
Домбыра аспабы бойынша Ермеков Мәди, Молдабеков Бексұлтан; вокал сыныбы бойынша Сағнаева Адина; флейта сыныбы бойынша Сазонова Юлия; көркем сурет бөлімі бойынша Кузьменко Ангелина; Фортепиано сыныбы бойынша Иванчина Алиса; хореография бойынша Сайлаубек Баян.
Мерекенің соңында өнер мектебінің директоры Р.Ж.Бакаева түлектерді балалар мерекесімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.





