Размер шрифта:
Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Уа, дариға алтын бесік туған жер» атты онлайн көрме
26-04-2021 09:47
Балалар өнер мектебінің көркемөнер бөлімінде Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Уа, дариға алтын бесік туған жер» атты онлайн көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – Қазақтың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың поэзиясы негізінде оқушылардың елін. жерін, ұлтын сүюге, отанының патриоты болуға, өз елімен мақтана білуге тәрбиелеу және дарынды жас суретшілерді шығармашылық ізденіске баулу.
Көрмеге көркемөнер бөлімінің 12-15 жас аралығындағы оқушылардың шығармашылық жұмыстары шығарылды. Атап айтсақ ақынның портреті, туған жерге арналған пейзаждық композициялар, сәндік қол өнер туындылары бар. Оқушылар шығармашылық жұмыстарын акриль, гуашь, түрлі-түсті карандаш, аралас техникада орындалған квилинг,кесте, кинусайга техникасында бейнелеген. Портреттен бастап ақынның туған жерінің сұлу табиғаты бейнеленген жұмыстар ашық қанық бояу түстерімен әсерлі және композициялық құрлымы жағынан тартымды бейнеленген. Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Уа, дариға алтын бесік туған жер» атты көрмеге шығармашылық жұмыстар жасап, белсене қатысқан жас суретшілерге шығармашылық жетістік тілейміз.