1 Наурыз - алғыс айту күні
Көркем сурет бөлімінде 1-наурыз алғыс күніне «Баршаңызға мың алғыс!» атты іс-шара ұйымдастырылып, ата-аналар назарына 5-6 жас даярлық тобының оқушылары дайындаған көрме ұсынылды. Онда түрлі жапсырмалар, суреттер,ермексаздан дайындалған мүсіндер қойылды. Мектеп басшасы Р.Ж.Бакаева ата-аналарға бүлдіршіндерінің икемін байқап, үлкен өнердің алғашқы баспалдағына қолдарынан жетектеп әкелгендеріне алғыс білдірді. Оқушылар ата-аналарына салған суреттерімен қоса дайындалған гүл шоқтарымен қуантты. Ата-аналар да өз тараптарынан Өнер мектебінің ұжымына, ұстаздарға жақсы тілектерін жаудырып, ризашылықтарын білдірді.

