Размер шрифта:
"Веселые художники"
04-11-2016 09:41

Оқушылар арасында көркем-сурет бөлімінде  жүргізілетін тәрбие жұмыстарына үлкен көңіл  бөлінеді.

2016-2017 оқу жылы тәрбие жұмысыың жоспарына сәйкес, оқушылардың қызығушылығын арттыру, нәтижелі жетістіктерге жету мақсатында  2016 жылдың 1-тоқсандық демалысында 3 күн бойы дайындық топтар арасында «Көңілді суретшілер» атты сайысы өткізілді.

Сайысқа 7-8 жас қазақ- орыс, 9-10 жас қазақ-орыс  топтары, және бастауыш сынып оқушылары қатысты. Көркем-сурет бөлімінің  ұстаздары  Бакирова Л.Б,  Садвакасова Д.Б,  Нурланбекова К.Н, Молдаханова А.С әр түрлі ойындар ұйымдастырып,  балалардың жұмыстарын балдық жүйемен бағалады.

Сайыс көңілді және қызықты өтті, балалар керемет белсенділік білдірді. Аталған іс- шара  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.