Республика күні мерекесіне арналған қалалық мерекелік іс-шараға Балалар өнер мектебінің ұжымы белсене қатысып, өнерлерін қала жұртының назарына ұсынды. Көркемөнер бөлімінің педагогтерінің қолынан шыққан текеметтер сахнаның көркін ашып, көрермендерге ерекше көңіл сыйлады. "Ақмаржан" би ансамблі, "Жігер" домбырашылар ансамблі, "Гәкку" жетігеншілер ансамблі, дәстүрлі ән класының педагогі Құнарбекова Аққыз Жангутовна өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. "Таза Қазақстан" көрмесіне көркемөнер бөлімінің оқушыларының қалдық материалдардан жасалынғанжұмыстары қойылды. Іс-шараның жоғары деңгейде өтіп, кәсіби біліктіліктерін көрсеткен әріптестерім Л.Б.Бакироваға, Ш.М.Мәдиге, С.Е.Шыныбаеваға, А.Б.Нурбековаға, А.Ж.Құнарбековаға, Г.У.Елеубековаға, А.Н.Жароваға, А.Ғ.Төлеуханға, М.Ж.Жунисбаевқа, А.Қ.Советке, Н.Н.Калиякметовке, Б.А.Даримбековаға, Г.Т.Умбетоваға, Л.А.Богдановаға, Д.Б.Садвакасоваға, Ю.А.Хмелеваға, А.М.Тілеубекке, Ю.В.Бурлаковаға, М.Ж.Жардемоваға, Н.Әділетұлына шынайы АЛҒЫСЫМДЫ БІЛДІРЕМІН!



