Размер шрифта:
↑
Ұстаздарға арналған мерекелік жиын
08-10-2026 00:11
Ұстаздарға арналған мерекелік жиын
6 қазан күні М. Хамзин атындағы мәдениет сарайында ұстаздарға арналған мерекелік жиын өтті. Салтанатты шараға білім саласының ардагерлері, тәжірибелі ұстаздар мен қала мектептерінің педагогтері қатысты.
 
Мерекелік іс-шараға мектебіміздің музыка бөлімінің вокал сыныбының оқушылары, жетігеншілер, қобызшылар мен скрипкашылар, сондай-ақ хореография бөлімінің тәрбиеленушілері қатысты. Өнерлі оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
 
Ал көркемөнер бөлімінің оқушылары мерекелік фотозона безендіріп, шараның сәнін келтірді. Мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары бұл игі іске белсене атсалысып, мерекелік жиынның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.
 
Ұстаздарға құрмет көрсетілген осындай тағылымды шараға атсалысқан барша ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіреміз!