ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК — ҮЛКЕН ЖОЛДЫҢ БАСТАУЫ!
10-08-2026 15:33
ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК — ҮЛКЕН ЖОЛДЫҢ БАСТАУЫ!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК — ҮЛКЕН ЖОЛДЫҢ БАСТАУЫ! 
2022 жылы Балқаш қаласы Өнер мектебінің хореография бөліміне оқуға қабылданған шәкіртіміз Қайратбек Айдана бүгін үлкен белесті бағындырып отыр.
Арада өткен жылдар — талай еңбек, ізденіс, дайындық пен маңдай терге толы уақыт. Ал бүгін сол еңбектің жемісі — Айдана Қазақ ұлттық хореография академиясына оқуға түсіп, кәсіби өнер жолына қадам басқалы отыр! 
 
Бұл — кез келген баланың бағына бұйыра бермейтін, үлкен дайындық пен ерекше қабілетті талап ететін жауапты әрі қиын жол. Алайда Айдана өзінің қайсар мінезі, табандылығы, таланты және өнерге деген сүйіспеншілігінің арқасында осы биіктен көріне білді.
 
Біз шәкіртіміз Айдананы осы үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! 
 
Алда сені үлкен сахналар, жаңа белестер мен шығармашылық жеңістер күтіп тұр. Өнер жолың әрдайым сәттілікке толы болып, армандарың бірінен соң бірі орындала берсін!
 
Ақ жол, Айдана! Қадамың құтты болсын! 
Біз сені мақтан тұтамыз! 
 
Өнер жолындағы алғашқы үлкен қадамың — болашақтағы биік жетістіктеріңнің бастауы болсын!