Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтанышымыз!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай көркемөнер бөлімінің оқушыларына «Мемлекеттік рәміздердің авторлары» атты танымдық тәрбие сағаты өткізілді.
Шара барысында жас дарындарымыз алған әсерлерін ақ қағазға сурет болып өрнектеп, егемен еліміздің басты құндылықтарына деген ерекше сүйіспеншіліктері мен мақтаныш сезімдерін білдірді.
Шәкірттеріміздің отансүйгіштік сезімі асқақ, шығармашылық жолы табысты болсын!





