ұсақ қол моторикасы
10-12-2024 16:23
Тақырыбы: Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар мен дидактикалық ойындар. Мақсаты: Балалардың қол моторикасын дамыту. Қимыл-қозғалыс қабілетін, икемділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Танымдық деңгейін, сөйлеу тілін жетілдіру. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ қол моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. ​Қорыта келгенде, ұсақ саусақ моторикасын шындау – тілді шыңдау деп ұғынамыз. Ал тілді шыңдау - ақыл-ойды да шыңдау деген сөз. Ұсақ моториканы дамыту барысында біз мынадай нәтижелерге жетеміз: 1. Сөйлеу тілі жетіледі. 2. Қимыл-қозғалыс қабілеті артады. 3. Икемділігі арта түседі. 4. Логикалық ойлау қабілеті дамиды. 5. Танымдылық деңгейі артады. Ойындар арқылы біз баламен қарым-қатынасты нығайтып, баланың өз-өзіне деген көзқарасын өзгертіп, ойынға, оқуға деген ынтасын көтереміз. Тақырыбы: Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар мен дидактикалық ойындар. Мақсаты: Балалардың қол моторикасын дамыту. Қимыл-қозғалыс қабілетін, икемділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Танымдық деңгейін, сөйлеу тілін жетілдіру. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ қол моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. ​Қорыта келгенде, ұсақ саусақ моторикасын шындау – тілді шыңдау деп ұғынамыз. Ал тілді шыңдау - ақыл-ойды да шыңдау деген сөз. Ұсақ моториканы дамыту барысында біз мынадай нәтижелерге жетеміз: 1. Сөйлеу тілі жетіледі. 2. Қимыл-қозғалыс қабілеті артады. 3. Икемділігі арта түседі. 4. Логикалық ойлау қабілеті дамиды. 5. Танымдылық деңгейі артады. Ойындар арқылы біз баламен қарым-қатынасты нығайтып, баланың өз-өзіне деген көзқарасын өзгертіп, ойынға, оқуға деген ынтасын көтереміз.