Байқау өткізу туралы хабарландыру
01-08-2024 12:40

Байқауды ұйымдастырушы:Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы " коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: Жидебай батыр шағын ауданы, № 6 ғимарат.

Пошталық мекенжайы: индексі 100300, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы,

Электрондық пошта мекенжайы: balkhash.aygolek@mail.ru

Байланыс телефоны: 8(71036) 6-73-26, 8(71036) 6-73-32,

Бірлік саны :

музыка жетекшісі

қазақ тілі оқытушысы

дефектолог

дене шынықтыру нұсқаушысы

тәрбиеші

Функционалдық міндеттері:балаларды жас қажеттіліктеріне сәйкес тәрбиелеу және оқыту, білім беру әдістемелеріне, бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес дамыту және оқыту сабақтарын өткізу,

Біліктілік талаптары:

-оқу бағдарламасының мазмұнын және оқыту әдістемесін білу, жұмыс жоспарын жасау, білім беру ұйымы деңгейінде іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру.

 - балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру

 - кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру,

 - оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық түрлерін қолдану.

Қажетті құжаттар тізімі:

 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат

3) Білім туралы құжаттың көшірмесі

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі

5) бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік сипаттама

6) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса

 7) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

8) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

9) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

11) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.