Білім күні
04-09-2018 09:15
Білім күні

29 тамызда біздің "Айгөлек" балабақшасында  білім күніне арналған мерекелік кеш өтті. Безендірілген мерекелік залға балалар жиналды. Қонаққа Дымбілмес келіп, «Сөмкеге жина», «Обруч арқылы секір», «Сиқырлы кегли» атты  әр түрлі ойындармен балалардың көңілін көтерді. Сондай-ақ, жұмбақтар шешті, ән айтты, өлеңдер оқыды. Барлығы көңілді және өте қызықты өтті.