Ата –аналарға сауалнама
1.Сіз қазақ тілін оқисыз ба?
2. Сіздің ойыңызша қазақ тілін үйретуді балабақшадан бастаған дұрыс па?
3. Отбасыңызда балаңызбен қазақ тілін оқып, үй тапсырмасын қайталайсыз ба? Егер де балаңыз үй жағдайында таныс заттардың атауын қазақша айтса, оны әрі қарай жалғастырып сөйлесесіз бе?
4. Қазақстан Республикасының қандай мерекелік іс-шараларына қатыстыңыз, көңіліңізден шықты ма?
5. Қандай белгілі қазақтың ақын-жазушыларын білесіз, олардың шығармашылығын балаларыңызға оқып бересіз бе?
6. Мемлекеттік әнұранды, тақпақтарды балалармен бірге жаттап үйренесіз бе?
7. Сіздің балаңыздың қазақша өлең, мақал-мәтел оқығаны ұнай ма?
8. Қазақтың қандай салт-дәстүрін білесіз және өзіңіз қатысып көрдіңіз бе?
9. Қазақ тілін үйренуде ( оқуда) қандай қиыншылықтармен кездесесіз?
10. Қазақ тілін үйренуде өзіңіздің ой- пікіріңіз, ұсыныстарыңызбен бөлісіңіз.