«Айгөлек»бөбекжайы КМҚК-да кезекті ата-аналар жиналыс өтті.
«Айгөлек»бөбекжайы КМҚК-да кезекті ата-аналар жиналыс өтті. Жиналыс барысында ата-аналарға балалардың даму деңгейі бойынша аралық бақылау мониторингінің нәтижелерінің есебі берілді. Тәрбиешілер ата-аналарға балабақша төлемақысының қымбаттайтыны туралы қысқаша түсіндірме жұмыстарын жүргізді және бөбекжай медбикесі Г.Т. Гурина «Қызылша» ауруының алдын алу шаралары бойынша ақпарат берді. Ата-аналар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, өз ойларымен пікірлесті. Соңында ата-аналармен сұхбаттасу мақсатында әртүрлі бағытта тренингтер жүргізілді.