«Гүлдер»
19-01-2024 08:33
«Гүлдер»

19.01.2024 жылы ҚМКҚ «Айгөлек» бөбекжайында «Гүлдер» мектепалды даярлық тобында «Көңілді мәре» атты сайысы өтті. Балалардың арасында спорттық жарыс өткізу кезеңінде , бүлдіршіндердің спорттық шеберлігі, жылдамдығы,ептілігі,ұйымшылдығы аңғарылып, көңілді көңіл күйде болғаны байқалды. Сайыс «Допты шеңберге лақтыру», «Итеріспек», «Асық ату», «Қойма», «Арқан тарту» ойындарынан құралды, сонымен қатар сайыс барысында «Омпы», «Қара жорға», «Мен елімнің болашағы» билері орындалды. Мектепке дейінгі балалардың осындай ойындарға қатысуы олардың өзіндік тұжырымына ықпал етеді. Ойын барысында «Бүркіт» тобы – «Батыл»; «Барыс» тобы – «Алғыр»; «Қыран» тобы – «Шапшаң» номенацияларына ие болды.