"Балқаш – менің сүйікті қалам"
Сүйікті Балқаш қаласының туған күні барлық қала тұрғындары үшін – ересектер мен балалар үшін – ерекше мереке. Туған күні қарсаңында қаланың МДБМ "Айгөлек" балабақшасында тақырыптық орта және жоғары топтар балалар үшін іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында туған қаласы туралы өлеңдер оқылып, әндер айтылды. Сурет көрмесі ұйымдастырылып қызықты ойындар өткізілді. 11.04.2018 "Пчелка" орта тобында "Балқаш – менің сүйікті қалам" атты ашық оқу қызметі қала күніне арналып өтті. Ашық сабақ өз қаласына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбилеуге мәдени құндылықтарға қызығушылығын қалыптастыруға бағытталды