On October 12, 2022, a parent-teacher meeting was held in the Aigolek nursery garden.
12-10-2022 20:47
On October 12, 2022, a parent-teacher meeting was held in the Aigolek nursery garden.

2022 жылы 12 қазан күні «Айгөлек» бөбекжайында ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібі бойынша «Айгөлек» бөбекжайы» КМҚК директоры Г.Т. Ибышева 2022-2023 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, тәрбиелеу білім беру процесін ұйымдастырудың өзгерістері туралы мағұлмат берді. Екінші мәселе бойынша бөбекжай медбикесі Т.М.Гурина балалабақшадағы балалардың рационалды тамақтануымен таныстырды, сонымен қатар қыркүйек айынан бастап ата-аналардың тамақтануға төлейтін ақысы өзгеріні жайлы айтты. Бөбекжайдың ас мәзірімен және күнделікті қажет ететін тамақтану нормасымен таныстырып, балабаның дұрыс тамақтануы жайлы кеңестер ұсынды. Күн тәртібінің жоспарының үшінші мәселесі бойынша педагог-психолог Б.В.Машурбекова қызметінінің ерекшелігі, балалардың бейімделуінің ауыртпашылығы жайлы сөз қозғап, салыстырмалы есеп берді. Сөз соңында ата-аналарға кеңес беріліп, бейімделу үрдісін жеңілдетуге арналған ұсыныстар жасады.
Сонымен қатар ата-аналар өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.