Алғыс күніне арналған іс-шара
01.03.2018 жылы КМҚК «Айгөлек» «1 наурыз- Алғыс күні» мерекесі өтті. Мерекеге безендірілген залда ортаңғы топтың балалары өздерінің тәрбиешілеріне қамқорлық, жылу және мейірім, өмірдегі жаңалықтар мен қызықты ойын-сауықтар үшін алғыстарын білдірді. Біздің Отанымызға – бақытты балалық үшін, ата-аналарына – қамқорлық пен сүйіспеншілігі үшін рахмет айтты. Ересек топтың балалары қалалық кітапханаға барды және «С благодарностью и любовью»іс-шарасына қатысты. Достық туралы тақырыптық әңгімелер кіші топ балаларымен жүргізілді.Балалар ата-аналарымен бірге «Алғыс айтамын... » суреттер көрмесіне қатысты.