«Көмекке» қарсы күрес туралы
10-02-2021 10:17
«Көмекке» қарсы күрес туралы
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
 
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлігіндегі кейбір өзгерістер туралы қысқаша хабардар етуге рұқсат етіңіздер.
Мектепке дейінгі білім беру саласында 2 мемлекеттік қызмет бар: мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау. Екі қызмет те толықтай автоматтандырылған, осылайша барлық мектепке дейінгі ұйымдар бірыңғай платформаға ауысқан. Осыған байланысты ата-аналардың балалардың сабаққа қатысуын және жан басына қаржыландырудың бөлінуін бақылауға мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтануды бақылау мақсатында «Виртуалды қойма + электронды шот-фактуралармен интеграциялау» модулі іске асырылуда. Сол алаңда ата-аналар балдық жүйемен мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысының сапасын бағалай алады. Бағалау критерийлеріне тамақ сапасы, педагогикалық құрамның біліктілігі, баланың қауіпсіздігі, оның шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін қолдау және дамыту сияқты көрсеткіштер кірді.
Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін кезекке қою бойынша мемлекеттік қызметті техникалық қолдауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе -«Indigo24KZ». Платформа мемлекеттік дерекқорлармен біріктірілген, бұл құжаттарды қолдан жасау қаупін, жеңілдіктерді негізсіз пайдалану мүмкіндігін азайтады. Қолданбаны мобильді құрылғыларда пайдалануға болады.
Құрметті ата-аналар, бұл шаралар өз қызметтерін байланыстарға, сыбайлас жемқорлыққа және арнайы техникалық құралдарға қол жетімділікке негіздейтін «Көмек» қызметтерін алып тастау мақсатында қабылдануда. Шындығында, олар делдал ретінде қызмет етеді және онсыз да тегін қызметтерді сатады. Бүгінге күні біз бұл адамдарды іздеу және жауапқа тарту жұмыстарын бастадық. Шара тек ұйымдастырушыларға ғана емес, тапсырыс берушілерге де қатысты болады. Қазіргі уақытта заңгерлер тарапынан «Көмекшілер» деп аталатын адамдардың тұрғылықты жерін анықтау бойынша уәкілетті органдарға сұраныстар жіберілді.
#karagandyoblysybilimbaskarmasy