«Кітаппен дос болайық» оқу сауаттылық апталығы
«Айгөлек» бөбекжайы КМҚК
18-22 қаңтар аралығында «Кітаппен дос болайық» оқу сауаттылық апталығы өтті.
Мақсаты: «Әжемнің әңгімесі», «Жас оқырман» жобаларын іске асыру арқылы оқырман сауаттылығын дамыту, тәрбиеленушілерді кітап мәдениетіне баулу бойынша топтардағы жұмысты іске асыру. Апталықта балабақшамыздың ересек және мектепалды даярлық топтары өздерінің алған білімдерімен бөлісті. Мектепке дейінгі жастағы балалардың көркем әдебиетке қызығушылықтары артып, кітапқа мұқият қарап, ойлау қабілеттері арта түсті. Балалар тәрбиешілерімен және ата-аналармен бірлесіп көптеген тапсырмалар орындады. Оқу қызығушылықтары дамып, кітапқа деген жауапкершіліктері мен сүйіспеншіліктері артты. Тәрбиешілер балаларды көркем әдебиет оқуына ынталандырды. Мектепке дейінгі және ересек жастағы балаларда оқу сауаттылығы дами түсті.
18 қаңтар күні: «Оқу сауаттылық апталығының ашылуы»
19 қаңтар күні: «Ыбырай Алтынсарин «Кел балалар, оқылық!»
20 қаңтар күні: «Әдеби қонақжай «С.Я. Маршал қонақта»
21 қаңтар күні: «А. Құнанбаев және А.С. Пушкин «Поэзияда біздің ақыл-ойымыз туады»
22 қаңтар күні: «Оқу сауаттылық апталығының жабылуы» өтті.