Қол моторикасын дамыту барысында біз балаларға көптеген ойындар ұйымдастырып отырамыз. Ұсақ маторика ойынын ата-аналарға ұсынуда біздің мақсатымыз ата-аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Қазіргі уақытта ересек топ балаларына көп жағдайда қол моторикасына көп көңіл бөлінеді. Ұсақ қол моторика ойынларында тек қол моторикасы ғана емес сонымен қоса балалардың есте сақтау қабілеті, сөздік қоры да дами түсетіндігін және бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты екенін түсіндіріп, үйде қол моторикасына арналған ойындарды ойнауға ұсыныс жасадық. Саусақтармен ойнау ата-аналарға балаларын қуантуға, сонымен қатар, сөйлеуі мен ұсақ моторикасын дамытуға мүмкіндік береді.
Саусақ ойындары арқылы ұсақ қол маторикасын дамыту