Терроризмге қарсы қауіп бойынша жаттығу

Дата: 2023-05-15 10:12:16
Терроризмге қарсы қауіп бойынша жаттығу
 
 
 
15.05.2023 ж. сағат 9.00-де Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық шеңберінде бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес оқу-жаттығу өтті. Сондай ақ Нұсқаулық аясында оқушылар келесі тармақтармен танысты:
 
- Күдікті затты анықтаудағы әрекеттер алгоритмі;
 
- Қарулы шабуыл кезіндегі іс-қимыл алгоритмі;
 
- Кепілге алу кезіндегі әрекеттер алгоритмі;
 
- Террористік шабуыл кезіндегі іс-қимыл алгоритмі;
 
Терроризмге қарсы қауіп бойынша жаттығуға: педагогтар - 26, техникалық қызметкерлер - 18, оқушылар - 294 адам қатысты.
 
Жаттығу кезінде жедел әрекет ету тобының әрекеті тексерілді.