бракераждық комиссия
Дата: 2022-12-26 14:51:43
Қарағанды облысы біілім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ-де мектеп асханасын бракераждық комиссия мүшелері медбике Бажбенова А.К , әлеуметтік педагог Жумажанова С.С және мектебіміздің ата-анасы Стукалова И.В бірге жоспарға сай тексеріп өтілді.
Күн тәртібінде:
1. Асхананың санитарлық жағдайын тексеру
2. Берілген тамақтардың мәзірге сай болуы,берілген астың мөлшерінің сай болуы
3. Тамаққа қосатын дақылдардың тазалығы,мерзімінің дұрыс болуы
4. Ыдыстардың шеттерінің ұшқанын , сынғанын қадағалау.
Тексеріс барысында асхананың тазалығы талапқа сай, күнделікті тағам сапалы, күніне әкелініп отырады. Ас мәзірі бекітілген, мәзір бойынша дайындалған . Ыдыс-аяқтарды тексеру барысында шеті ұшқан 1 тарелка алынып тасталды, аспазшының көмекшісіне ескерту айтылды. Және сонымен қатар, оқушылардың қол жуатын жердегі су сабынның болмауы.
Шешім бойынша мектеп асханасының санитарлық жағдайын, тағамның дайындалуын қанағаттанарлық деп есептелді.
Ұсыныс: Сынған ыдыс-аяқтарды күнделікті алып тастап отыру. Куллердегі суды және сусабынды күнделікті толтырып отыру.