бракераждық комиссия

Дата: 2022-12-26 14:51:43
бракераждық комиссия

Қарағанды облысы біілім басқармасының Балқаш қаласы білім  бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ-де мектеп асханасын бракераждық комиссия мүшелері медбике Бажбенова А.К , әлеуметтік педагог  Жумажанова С.С және мектебіміздің ата-анасы Стукалова И.В бірге  жоспарға сай тексеріп өтілді.  

Күн тәртібінде:

1. Асхананың санитарлық жағдайын тексеру

2. Берілген тамақтардың мәзірге сай болуы,берілген астың мөлшерінің сай болуы

3. Тамаққа қосатын дақылдардың тазалығы,мерзімінің дұрыс болуы

4. Ыдыстардың шеттерінің ұшқанын , сынғанын қадағалау.

Тексеріс барысында асхананың тазалығы талапқа сай, күнделікті тағам сапалы, күніне әкелініп отырады. Ас мәзірі бекітілген, мәзір бойынша дайындалған . Ыдыс-аяқтарды тексеру барысында шеті ұшқан 1 тарелка алынып тасталды, аспазшының көмекшісіне ескерту айтылды. Және сонымен қатар, оқушылардың қол жуатын жердегі су сабынның болмауы.

Шешім бойынша мектеп асханасының санитарлық жағдайын, тағамның дайындалуын қанағаттанарлық деп есептелді.

Ұсыныс: Сынған ыдыс-аяқтарды күнделікті алып тастап отыру. Куллердегі суды және сусабынды күнделікті толтырып отыру.