Қалалық "Әдістемелік марафон" аясындағы ашық сабақтар

Дата: 2026-02-20 09:50:41

Қалалық «Әдістемелік марафон» аясында №9 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.С Козгуренова 11.02 күні әдебиет пәнінен 8 «а» сынып оқушыларына «ҮӘЖ технологиясын негізге ала отырып, Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіне пікір» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: «Ұшқан ұя» шығармасының бүгінгі күнмен байланысын аша отырып, ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардың заманауилығы мен жаңашылдығына өзіндік сыни пікір жаза алу. Сабақтың құрылымы профессор Ж.А.Қараевтың Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі(ҮӘЖ)» технологиясыбойынша «Білу, Түсіну, Қолдану, Бағалау» деңгейлік тапсырмасы негізінде өтті. «Білу» деңгей тапсырмасына 6 сұрақтан тұратын тест сынағы берілді. «Түсіну» деңгейінде 2- тапсырма берілді. Оқушылар  жұптық жұмыс жасады. Ұлттық құндылықтар бүгінгі қоғамда қалай көрініс табады. Шығармадағы ұлттық тәрбие мен қазіргі қазақ отбасындағы тәрбиені салыстыру «Венн» диаграммасын орындады. «Қолдану» деңгейінде Оқушылар топтық жұмыс жасады.«Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек адам» автор пікірімен келісесіз бе?  Қазіргі заманда бұл мәселелер өзекті ме?» тақырыбы бойынша постер қорғады. 2- тапсырмада оқушылар «Дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын...» дейді Бауыржан. Сендер қалай ойлайсыңдар, не себепті Бауыржан атамыз қорықты?  «Төрт сөйлем» тәсілімен ой тұжырымдап, өз пікірлерін жазды.  Сабақтың соңы «WORD WALL» платформасы арқылы бекітілді. Үй тапсырмасы: ТДДТ-ларды жалғастырып, қабілетіне қарай аяқтауға берілді. Оқушылар Ашық журналға орындалған деңгейлік тапсырмалары бойынша өздерін бағалайды.

Оқу үрдісінде үшөлшемді әдістемелік жүйе негізінде әдебиет сабағында қолдану - білім беру сапасын арттырудың тиімді жолдарының бірі, себебі: деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы оқушыларда бәсеке туады. 1-деңгейлік тапсырмадан 4 - деңгейлік тапсырмаға жету, жоғары 10 балл алу қызығушылығы артады. Білім деңгейі төмен оқушылар өз білімін көтеруге тырысады. Нәтижесінде Даму траекториясы арқылы өзін-өзі бағалау арқылы білім сапасын арттыруға жұмыс жасайды. Сабақ өз мақсатына жетті.

 

Автор: №9 ОМ