Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге психологиялық қолдау көрсету түрі
Дата: 2016-05-10 09:39:36
Ұлттық Біріңғай Тестілеуге психологиялық дайындық қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі болғандықтан, 11 сынып оқушыларымен психологиялық дайындық жұмыстары дұрыс жолға қойылуы қажет. Ұлттық Біріңғай Тестілеудегі тапсыру кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларының қалыптасуы, өзін-өзі бақылаудың, стреске қарсы тұру қабілетініңі төмендеуі және емтиханды қабылдау ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар кездеседі.Осы қиындықтарды жеңу үшін талапкерлерді ҰБТ-дің өту барысымен таныстыру, стреске қарсы тұру қабілеттерін дамыту, өз-өзіне сенімін арттыру, стрестік жағдайда туындайтын мазасыздану деңгейін төмендету, өзін-өзі бақылауға дағдыландыру қажет. Көрсетілген жұмыстар 11 сынып оқушыларына арналған, қолдау көрсету жұмыстарында бұрыннан белгілі психологиялық ойындар, жаттығулар, тесттер, әртүрлі әдістемелер қолданылды.
Анкета «Стрестен қалай арылуға болады?»
Мақсаты: әр-бір тұлға осал жерлерін анықтау, олардың хабарландырылған деңгейін білу.
1.Қалай ойлайсың сен стресске ұшырап тұрасың ба?
2. Сен стресс жайлы бір нәрсе оқыдың ба?
3.Стресстің сипатын білесің бе?
4. Стресстің шығу тектері неден деп ойлайсың?
5. Қалай ойлайсың стресске не әсер етеді?
6.Сенің ойыңша мидың жұмысын жетілдіретін қандай азық-түлік ?
7.Стрестен арылу амалдарын білесің бе?
Емтиханды сәтті тапсыру үшін
бірнеше кеңесті тыңдаңыз !
· Жинақтал! Қызметтік секторды толтырған соң, ойыңды жинақтап, тапсырмаларға үңіл. Уақыт шектеулі екенін ұмытпа.
· Асықпай тездет! Уақыттың шектелуі сенің жауаптарыңнын сапасына әсер етпеу керек. Жауап белгілер алдында сұрақты екі рет оқып ұғынып ал.
· Жеңілінен баста! Алдымен жеңіл тапсырмаларды орында. Осылай сен тез ойыңды жинақтап, жұмысқа кірісе аласын.
· Тастап кет! Қиын немесе түсініксіз тапсырмаларды тастап кет. Егер қиналатын тапсырмаларға тіреліп, жеңілдерін белгілеуге үлгермей қалсаң өкінішті болады.
·Тапсырманы соңына дейін оқы! Асығыста оңай сұрақтардан қате жіберуің мүмкін.