Тарихи-өлкетану сауаттылық апталығы
Дәреже: "Інжу" шағын орталығы
Дата: 2022-10-10 12:11:32
Мектепалды даярлық сыныптарында Тарихи-өлкетану сауаттылық апталығының ашылуы болып өтті. “Туған жерімнің табиғаты” тақырыбында балалар өздерінің туған жерлері туралы әңгімелеп, өлең жолдарын оқыды. “Қызыл кітапқа енген жануарлар” тақырыбында тәрбиеші әңгіме жүргізді. Балалар таң қалып, қызығушылықтарын көрсетті.
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның тексеріс ақпараты
Дәреже: Мектеп асханасы
Дата: 2022-10-07 16:35:50
2022 жылдың 5 қазаны күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссия мүшелері мектеп асханасына тексеріс жүргізді.Асханада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары бұзылмағаны анықталды. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талап...
Ата- аналар жиналысы
Дәреже: Сiздi, ата-аналар үшiн
Дата: 2022-10-05 12:08:31
№9 жалпы білім беретін мектебінде 5.10.22 күні 1-4 сынып ата-аналарына жиналыс өтті. Жиналыста «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынып жатқанына тоқталды.
«Тамақтану – тіршілік негізі» тақырыбында өткізілген сынып сағатының ақпараты
Дәреже: Мектеп асханасы
Дата: 2022-10-03 15:56:38
3.10.22 күні «Тамақтану – тіршілік негізі» тақырыбында 1-6 сыныптарда саптық жиын өтті. Жиында 5 Ә сыныбының үгіт - насихат тобы ақпарат берді. Сынып сағаттарында оқушыларға дұрыс тамақтану олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттыратындығы айтылды...
«Дос шаттықтан басталады» тақырыбында сынып сағат ақпараты
Дәреже: Сынып сағаты
Дата: 2022-10-03 12:08:23
3.10.22 күні «Дос шаттықтан басталады» тақырыбында 1-4 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту, Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету, өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту,татулыққа, достыққа,ұжымдыққа тәрбиелеу.
«Табиғатты аялайық» тақырыбында сынып сағат ақпараты
Дәреже: Сынып сағаты
Дата: 2022-10-03 10:20:49
Мектебімізде 3.10.22 күні «Табиғатты аялайық» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарының мақсаты: оқушылардың бойында экологиялық мәдениетін дамытуға деген саналы сананы қалыптастыру, жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу.