Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның тексеріс ақпараты
Дата: 2023-04-06 14:03:26
2023 жылдың 6 сәуірі күні мектебіміздің асханасына ашық есік күні өткізілді. Тексеріске Білім бөлімінің бас маманы Б.Айтжанова және тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссия мүшелері мен ата –аналар комитетінің мүшелері мектеп асханасына тексеріс жүргізді. Асханада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары бұзылмағаны анықталды. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талаптарға сай. Ас мәзіріне, буфеттік өнімдерге тексеріліс жүргізіліп, ата –аналар өз пікірлері айтып өтті.