Дәреже: Все
«Адами капитал – экономикалық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші»Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "24 мектеп-интернаты" КММ-сінде 12 қазан күні онлайн форматта ата-аналармен ақпараттық сағат болып өтті. Ақпараттық сағат барысында «Адами капитал – экономикалық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші» тақырыбы аясында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, күн тәртібінде т.б мәселелер қарастырылды . |
2022-10-13 14:52:46 |
Скачать |
Lesson Study әдісі қолдануҚарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-интернатында 20.09.22 жылы Lesson Study әдісі қолдану бойынша зерттеуші топтың отырысы өтті. Отырыстың басты мақсат әріптестермен бірігіп, •Сабақ жоспарын құру •Зерттеу сабағын талқылау •Сабақтың жоспарын талқылау •Зерттеу сабақтарын өткізу бойынша ақпараттар пысықталды. Lesson Stady – сыныпты зерттеу нысаны немесе түйінді сипаты: креативтілік пен ғылыми дәлдік. Мақсаты: Оқыту үдерісіндегі тәжірибені жақсартуды және жетілдіруді зерттеу. Сабақ жоспарын құру барысында зерттеуші 3 мұғалім және 1 бақылаушы мұғалімнен құралған топ бірігіп, сабақ барысында іс –әрекетін зерттеу үшін, оның қажеттілігін анықтауға болатын тиімді әдіс -тәсілдерді сабақтың жоспарын құруда талқылап шықты. Оқушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін Блум таксономиясы бойынша талдау сұрақтарын сабақ барысында қолданып, оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіре түсу жұмыстарын қолға алып, оны сабақ сайын күрделендіре түсу жоспарланды. |
2022-09-22 07:32:52 |
Скачать |
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызметтер тізіміБастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызметтер тізімі |
2022-09-13 09:05:17 |
Скачать Смотреть |
Оқу жұмыс жоспарына түсініктемеОқу жұмыс жоспарына түсініктеме «Балқаш қаласы білім бөлімінің Қарағанды облысы білім басқармасының «№24 мектеп-интернаты» КММ–нің 2022-2023 оқу жылына арналған оқу жоспары педагогикалық кеңесте қарастырылып, Қамқоршылық кеңесінің келісімімен төмендегі құжаттар негізінде жүзеге асырылады. |
2022-09-07 13:42:38 |
Скачать Смотреть |
Жаңа үмітке жетелеген жаңа ЖолдауЖаңа үмітке жетелеген жаңа Жолдау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа бағыттардан тұратын халыққа Жолдауын тағы да жолдады. Егеменді еліміздің және халықтың игілігін көздейтін жаңа Жолдаудан жаңа үміттер күтіп, ерекше ризашылықпен тыңдадық. Президент еліміздің болашақ саяси жүйесінің моделін айқындады. Бұл басқарудағы жаңа жүйе - қисынды қадам, ұлт саясатының белсенді іске асуы және халықтың әл-ауқатының өсуінің , тұрмыс сапасының артуының негізі болатынын ашып айтты. Сонымен қатар мемлекет басшысы халық алдындағы айтқан барлық алдына қойған мақсаттардың орындалатынын нақтылап жеткізді. Жастүлектерге жылдық 2-3 пайызбен білім алуға жеңілділген несиелер және ҰБТ нәтижесіне қарай 30 дан 100 пайызға дейін жаңа гранттар жариялау керектігін айтт. Әрбір мектеп бітіруші түлектердің армандарының орындалуына үлкен мүмкіндік болары көзсіз. Балалар жылы аясында жолдауда 18 жасқа дейінгі балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан ақша түсіп отырады. Бұл ақша 18 жасқа дейін алынбайды. Кейін үй алып, білім алуға жұмсай алады. Бұл - мемлекет басшысының халыққа және балаларға деген шынайы қамқорлығының көрінісі. Тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеуде жаһандық ғылыми – техникалық прогресті ескере отырып, мектепте жаратылыстану – математикалық пәндерін және ағылшын тілін оқытуды күшейтуді баса айтты. Президенттің Жолдауда көрсеткен барлық мақсаты жемісті жүзеге асырылып, Қазақстан халқының табыспен өркендей беруіне тілектеспін. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп -интернаты» КММ-сінің мектеп директоры А.К.Мусина |
2022-09-06 14:42:00 |
Скачать |
"Директор сағаты"Қарағанды облысы білім басқармасы, Балқаш қаласы білім бөлімі "№24 мектеп- интернаты" КММ - інде 27 тамыз күні "Директор сағаты" жаңа форматта өтті. Барлық пән мұғалімдері мен сынып жетекшілер онлайн режимде қатысып, ата-аналармен сұқбаттасу және сұрақтарына жауап беру мүмкіндігіне жағдай жасалды. Күн тәртібіндегі қарастырылған бірінші мәселе 2022-2023 оқу жылының басталуы туралы оқу ісінің меңгерушісі И.О.Маулетова сөз алып, өзгерістер туралы айтып өтті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі Г.М. Кулымжанова сөз алып, мектеп формасы туралы ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар мектеп директоры А.К.Мусина ата - аналар тарапынан қойылған әр түрлі сұрақтарға жауап берді. |
2022-09-06 14:29:47 |
Скачать |
ӘДХӘДХ |
2022-09-06 14:05:27 |
Скачать Смотреть |
«Мектепке жол»Бүгін жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясының басталуын жариялаймыз. «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Бұл акция 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өтеді. |
2022-08-04 08:48:54 |
Скачать |
Бүгін жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясының басталуын жариялаймыз. «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға баБүгін жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясының басталуын жариялаймыз. «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Бұл акция 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өтеді. |
2022-08-04 08:44:54 |
Скачать |
«Мектепке жол» республикалық акциясы2022 жылдың 1 тамызында Қазақстанда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады. Биылғы жылы акция Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі. Жалпыреспубликалық акция 2022 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтеді. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке келмеуінің алдын алу. Осы шараны жүзеге асыру үшін Оқу-ағарту министрлігі «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізудің Тұжырымдамасын әзірледі. «Мектепке жол» акциясы балаларға білім алу кезінде қолдауды кеңейтуге және арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда жан-жақты атаулы көмек көрсете алады, оның мектепке барар жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға көңіл бөлуде және шынайы қамқорлық көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады. Баршаңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз! #мектепкежол2022 #дорогавшколу2022 #балаларжылы09 #годдетей09 |
2022-08-01 08:27:12 |
Скачать |
1-ші сыныпқа қабылдау туралы ақпарат1-ші сыныпқа қабылдау туралы ақпарат |
2022-07-12 10:04:08 |
Скачать Смотреть |
1-ші сыныпқа қабылдау ережесі1-ші сыныпқа қабылдау ережесі |
2022-07-12 09:56:29 |
Скачать Смотреть |