Дәреже: Все
«Квадрат теңдеулерді шешу»Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ 24.11.2022ж күні математика пәні мұғалімі Бертаева Н.К. 8а сыныбында «Квадрат теңдеулерді шешу» тақырыбында қалалық ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты квадрат теңдеулерді шешуде Виет теоремасын қолдану болды. Сабақта барлық оқушыларды оқу процесіне тарту үшін АКТ мүмкіндіктері тиімді қолданылды. Сабақта жұмыс түрлерінің әртүрлілігі мейірімді, танымдық атмосфераның тұрақтылығын қамтамасыз етті. Жаңа білімнің ашылуына сыныптың барлық оқушылары қатысты: олар тақтада, жұпта, жұмыс парақтары бойынша өз бетінше жұмыс істеді. Сабақтың мазмұны балалардың қызығушылығын арттырып көңілді өтті. Пән мұғалімі балалардың бастамасын көтермелеп, эмоционалды ашықтық, сенім үшін жағдай жасады. Мұғалім, оның мінез-құлқы, сөйлеуі, кәсіби шеберлігі жағымды үлгі болады. Мұғалім заманауи талаптарға сәйкес жұмыс істейді, белсенді оқытудың әдістері мен формаларын біледі, сабақта оқушылармен жұппен және жеке жұмысты қолданды. Сабақ жоғары эмоционалды өрлеуде өтті. Балалар сабақтың шығармашылық және проблемалық жағдайларын қабылдайды, бұл мұғалім мен оқушылар арасындағы сенім дәрежесін көрсетеді. Бертаева Н.К. проблемалық оқыту және тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын белсенді қолданды. Нәтижесінде ол өз қызметін және оқушылардың қызметін заманауи білім беру талаптарына сәйкес шебер жоспарлайды. Оқушылардың белсенділігі, жауаптардың анықтығы, тапсырманы орындау кезінде шығудың жолын таба білу сабақта жұмыс істеу кезінде негіз болып табылады. Сабақта жұмыс нақты құрылып, жоспар бойынша жүргізілді. Әр кезеңнен кейін қорытынды жасалды. Мұғалім ең көлемді және күрделі материалды өте сәтті түсіну үшін әдістерді оңтайлы қолдана алды. Сабақтың барлық құрылымы сақталған. Сабақ өз мақсатына жетті. |
2022-11-30 10:39:33 |
Скачать |
«Мектептегі медиация қызметін ұйымдастыру»Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ – сі Қарағанды облысы оқу әдістемелік орталығының жетекшілігімен 2022 жылдың 24 қарашасында «Мектептегі медиация қызметін ұйымдастыру» тақырыбында іс – тәжірибемен бөлісу семинарын өткізді. Іс – шара барысында Балқаш қалалық сотының төрағасы Сагимбекова Лязат Абзалбековна мектеп медиация қызметінің жұмысына сараптама жасап, өз ойымен бөлісті. Мусина Альмира Калкамановна мектеп директоры, кәсіби медиатор, жаттықтырушы «Мектептегі медиация қызметін ұйымдастыру» туралы жалпы ақпарат берді. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп гимназиясы» КММ – сінің кәсіби медиаторы Ерубаева Риза Бериковна «Педагогтер арасындағы медиация қызметін ұтымды пайдалану жолдары» тақырыбында өз іс – тәжірибесімен бөлісті. Педагогтардың арасындағы дау – дамайды болдырмау мақсатында жүргізілген шараларға тоқталды. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ – сінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, комедиатор Маулетова Индира Омаржановна «Мектептің медиация қызметі» және «МОСТ» жас медиаторлар клубының жұмысы тақырыбында баяндама оқып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты алдын – алу бағытындағы жұмыс түрлерімен таныстырды. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ – сінің тәрбие ісінің орынбасары, педагог-психолог, комедиатор Кулымжанова Гулжан Мауленкызы «Конфликт медиациясы: негізгі түсініктер» тақырыбында ата – аналармен жүргізілген медиациялық жұмыстар ретімен таныстырды. Іс – шараға Қарағанды облысы бойынша 96 педагогтер қатысып, өз ойларын ортаға салып, медиация қызметінің қажеттілігінің керек екендігін баса айтты. |
2022-11-30 10:33:47 |
Скачать |
«БІЛІМНІҢ ОЗЫҚ РЕСУРСТАРЫН АПРОБАЦИЯЛАУ»Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен мұғалімдердің АКТ құзыреттілігін арттыру мақсатында қараша айының 03 күні «№24 мектеп-интернаты»КММ-нің мектеп инженері Тажибаев Ернат Бакытович «БІЛІМНІҢ ОЗЫҚ РЕСУРСТАРЫН АПРОБАЦИЯЛАУ» тақырыбында қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне онлайн семинар өткізді. Семинарға барлығы 26 мұғалім қатысты. Мұғалімдерге оқу процесінде қолданылатын интерактивті тапсырмаларды құрастыруға арналған электронды қосымшалармен жұмыс істеудің жолдары көрсетілді. Семинарда «Online Test Pad», . «Appsgeyser Android» «Quizlet», «Plickers», «Learnning Apps.org» қосымшалары таныстырылып, бастауыш сыныпқа арналған тапсырмалар ұсынылды Мұғалім үшін шаблон бойынша жаттығулардың 26-дан астам түрін жасауға болады. Мысалы, «Жұмбақтар», «Жұбын тап», «Сәйкестікті тап», «Тізімді белгілеу», «Дұрыс жауапты таңдаумен викторина», «Кроссворд» және т.б. жұмыс жасау барысы көрсетілді. Appsgeyser Android қосымшасын құруға және оны Google Play арқылы таратуға мүмкіндік беретін ақысыз веб-қызмет. Қолданбаларды қалағаныңызша жасауға болады және мүлдем тегін. Жобаны құруға арналған материал көптеген түрлі көздер болуы мүмкін (веб-бет, YouTube арнасы, PDF құжаты, RSS таспасы, фотосуреттер галереясы, аудио файл және т.б.).құрал ретінде мұғалімдерге ұсынылды. Мұғалімдердің барлық тапсырмаларға белсене қатысып, кері байланыс бере білді. |
2022-11-04 08:17:14 |
Скачать |
"Мектептегі медиация қызметі арқылы мектепті қауіпсіз кеңістікке айналдыру"Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты" КММ-сінің директоры, кәсіби медиатор, тренер -жаттықтырушы А.К.Мусина 01.11.2022 жылы Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының сынып жетекшілеріне арналған күзгі мектеп аясында "Кәсіби өсу мектебі" атты оқыту курсында "Мектептегі медиация қызметі арқылы мектепті қауіпсіз кеңістікке айналдыру" тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Жалпы медиация қызметінің негізімен таныстыра отырып, медиация қағидаттары және практика жүзінде қолданысы бойынша бейне роликтер көрсету арқылы құнды мағлұматтар берді. |
2022-11-04 07:52:28 |
Скачать |
«Тарих сабақтарында білім сапасын толықтыру бойынша әдістемелік ұсынымдар"Қарағанды облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Күздік мектеп-2022» облыстық пән мұғалімдеріне арналған онлайн курста, Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы, Шолакова Лаззат Бодыковна өз іс -тәжірибесімен бөлісті. Курстың тақырыбы: «Тарих сабақтарында білім сапасын толықтыру бойынша әдістемелік ұсынымдар". "Білім сапасының мәселелері. Нәтижеге жету әдістері"-деп аталады. Мақсаты: облыстық мектептің пән мұғалімдерінің бір-бірімен тәжірибе алмасу болып табылады. «Алдымен өзіңді-өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың, өзгелерге үйрете аласың» - дегендей В.Гете .Пән мұғалімі 6 сыныпқа арналған Қазақстан тарихы пәні бойынша: «Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы» тақырыбында сабақтың сапасына ықпал ететін қолданылған әдіс-тәсілдерін ортаға салып, курсқа қатысушы мұғалімдермен бірлесе практикалық жұмыс жасата отырып өзінің іс тәжрибесімен ой бөлісті . |
2022-11-02 14:34:40 |
Скачать |
«Үздік бейнесабақ»Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ Мұқтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған облыстық «Үздік бейнесабақ» байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,педагог-сарапшы Оспанова Жанат Нуроллаевна қатысты.Байқаудың мақсаты арнайы пән оқытушыларының педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдалану құзіреттілігін арттыру, заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату болды.Осы мақсатта Мұқтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі бойынша 7 сыныпта «Көксерек» әңгімесіндегі көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі тақырыбында байқау талаптарына сай бейнесабақ түсіріліп ІІІ орынды иеленді. |
2022-11-02 13:03:21 |
Скачать |
жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы2022 жылы 27 қазанда Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты"КММ-сінде жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы ZOOM платформасында онлайн режимде өтті. Күн тәрбінде: 1. І тоқсан қорытындысы 2. Күзгі канукул кезіндегі қауіпсіздік ережелері және өткізілетін іс-шаралар 3. Ата-аналар бақылауы . Қауіпсіз мектеп. 4. Әр түрлі мәселелер. Ата -аналар жиналысында оқу ісінің орынбасары И.О.Маулетова 1 тоқсан қорытындысымен таныстырып, жеткен жетістіктерді атап айтты. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша тәрбие ісінің орынбасары Г.М.Кулымжанова төтенше жағдайдағы алгоритм алғышарттары мен таныстырып, ата-аналар тарапынан бақылау түрлеріне тоқталды. |
2022-11-02 12:54:57 |
Скачать |
Мектепішілік бақылауМектепішілік бақылау 2022-2023 оқу жылы |
2022-10-14 08:21:10 |
Скачать Смотреть |
«Мәтіннің тақырыбы мен мәтіндегі негізгі ой»Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ-де 03.10-17.10.2022 күндер аралығында «Жаңаша оқыту – заман талабы» тақырыбында мектепішілік бастауыш сыныптар апталығында 4 «А» сыныбында ашық сабаққ өтті. 4 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Мәтіннің тақырыбы мен мәтіндегі негізгі ой» тақырыбында ашық сабақты пән мұғалімі Қ.Е.Спабекова өткізді. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: 4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау Сабақ ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру мақсатында «Іске сәт» әдісімен басталды. «Артық әріптер» ширату жаттығуы арқылы сабақтың тақырыбын анықтады. Сабақ барысында тапсырмаларды топта, жекелей және жұптаса отырып орындалды. Суреттерге қарап мәтін құрастырды. Сергіту сәтінде зейінді дамытуға арналған жаттығу жасады. Сонымен қоса оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар орындады. Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар сабақ барысында белсенділік таныта өз білім дәрежелерін көрсете алды. Сабақ жоғары деңгейде бағаланды. |
2022-10-14 08:18:01 |
Скачать |
«Жаңаша оқыту – заман талабы»Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ-де 03.10-17.10.2022 күндер аралығында «Жаңаша оқыту – заман талабы» тақырыбында мектепішілік бастауыш сыныптар апталығында 05.10.2022 күні 3 «А» сыныбында математика пәнінен «Шамалар арасындағы тәуелділік» тақырыбында ашық сабақты пән мұғалімі А.Н. Жунусова өткізді. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: 3.5.1.4 Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді талдау және шығару. Сабақ ойын түрінде ұйымдастырылған. Сабақ «Сен білесің бе?» ойыны арқылы өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақтың мақсатын аша білді. Берілген тапсырмаларды топта, жекелей және жұптаса отырып орындады. «Дүкен» ойыны арқылы ақша түрлерін ажырата отырып, сауда жасады. Суреттерге қарап есептер құрастырып шығарды. Сергіту сәтінде нейрожаттығуды пайдаланды. Сонымен қоса математикалық сауаттылыққа арналған тапсырмалар орынды орындалды. Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар ойын ойнауда, қызығушылықтарын танытты. Сабақ жоғары деңгейде бағаланды. #kopd_mon_rk #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi #goroo_balkash #ҚОББтәрбие @kopd_mon_rk @balqash_qalasy_akimdigi @rumcdo_official @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg #ҚОББтәрбие @ҚОББтәрбие @g.kozhakhmetoova |
2022-10-14 08:14:51 |
Скачать |
" ұтымды тәсілмен өрнек мәндерін табу ""№24 мектеп-интернат "КММ 06.10 бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі аясында 2 б сыныпта" ұтымды тәсілмен өрнек мәндерін табу " тақырыбы бойынша математика пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін "жұпты табу" стартері проблемалық жағдайды қолданды, онда балалар сабақтың тақырыбы болып табылатын жұп өрнектерді табады. Әрі қарай, білім алушыларға сабақтың мақсаттарын қою үшін ашық сұрақтар қойылады. Сабақтың басында білім олқылықтарын жою бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып сараланады, әдістер әр оқушының мақсатына жетуге ықпал етеді, саралаудың әртүрлі тәсілдері қолданылады |
2022-10-14 08:11:55 |
Скачать |
«Қазіргі таңда білім қажет пе? »Қарағанды облысы білім басқарамасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ оқушылар арасында «Фемида» дебат клубы 2022-2023 оқу жылына өзжұмысын бастады. Клубта 8-9 сыныптар арасында 20 оқушы қатысады. Клубта қазақ лигасы жұмыс жасайды.Биылғы оқу жылына дебат клубының іс-шаралар жоспары бекітілді. Биылғы оқу жылындағы даталар күндерін атап өту мақсатында мектепішілік дебат ойындары жоспарланған. Дебаттың мақсаты: Жастарды ұйымдастыра отырып, қоғамның өзекті сұрақтарын талқылап, шешуге ынталандыру және де ораторлық қасиеттерін дамыту.Жастарды қоғам өміріне араластырып, қоғам үшін шешілмей жатқан мәселелерді көтеріп, шешімдер қабылдауларына ықпал ету. Жастардың көпшілік алдында еркін сөз саптау мәдениетін қалыптастыру, сыни тұрғыда, сонымен қатар логикалық ойлауын дамыту. Қыркүйек айының турнирі болып өтті.22 қыркүйекте 2022 жылы мектеп қабырғасында 8 «А» сынып оқушылар арасында «Қазіргі таңда білім қажет пе? » -деген қарарға турнир болып өтті. Дебаттың мақсаты: оқушылардың қоғамдағы білім беру мәселелері мен білім ресурстары туралы ақпараттық тұрғыда ой қозғату болатын.Турнирге екі жақта дайындықпен келіпті. Оқушылар қызықты деректер жинап, ортаға салды.Жеңіске Үкімет болған Толғанай Арманқызының командасы жеңіске жетті.Әр команда өз деректерімен, өз көзқарастарын білдіре білді. Сайыс тартымды өтті.Төрешілер өз ойларымен әділ бөлісті. Қазан айының турнирі өтті. Турнирдің қарары: «Нарықтық экономика мемлекетімізге пайда әкеле ме?» деген тақырыпта пікірсайысы өтті. Оқушылар жақсы дайындықпен келген,өз ойларын толық жеткізе алды. Төрешілер жақсы пікір айтқан спикерлерді атап,оқушыларды ынталандырды. Командалар арасында Үкімет командасы жеңіске жетті. |
2022-10-13 14:58:01 |
Скачать |