Мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету

Дәреже: Мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету

Мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету

«Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесіндегі бұлшық еттерін жіктеу»

Ақпан айының 8-і жұлдызында мектебімізде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің онкүндік апталығының аясында биология пәнінің мұғалімі Болекбаева А.Ж 8 «А» сыныпта ашық сабақ берді. Сабақтың тақырыбы: «Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесіндегі бұлшық еттерін жіктеу» .№10 зертханалық жұмыс «Бұлшықет ұлпаларының құрылысын зерттеу». Сабақтың мақсаты: бұлшық ет ұлпасының құрылысын, қызметін және олардың түрлерін сипаттау; адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану. Сабақтың жоспары білім беру стандартына сай жүйелі нақты құрылған. Сабақ барысында мұғалім АКТ –ны ұтымды пайдаланды, сонымен қатар әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оята білді. Зертханалық жұмысты оқушылар толығымен орындады. Сабақ барысында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушылар өздірін бағалап отырды, жұптық та жекеде тапсырмалар орындалды. Сабақ барысында атап өтсек, Wordwall, plickers деген платформаларды ұтымды қолданлы. Сабақ өте жоғары дәрежеде өтті.

2023-02-10 22:26:45

Скачать

«Ондық бөлшектерді қосу және азайту».

2023 жылдың 1-7 ақпан аралығында 5 «а» сыныппен Lesson study тізбектелген 3 сабағы жүргізілді. Үш сабаққа тақырып пен оқу мақсаты ортақ. Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Оқу мақсаты: 5.1.2.27 Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау. Сабақтарда «Эстафета», «Ойлан, бөліс, топтас», «Миға шабуыл», «Тарсия» әдіс-тәсілдері қолданылды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардан видео-сабақтар, wordwall, joyteka бағдарламалары пайдаланылды. Қорытынды сабақ барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артқаны көрінді.

2023-02-09 11:23:38

Скачать

«Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер»

Жаратылыстану – математика бағытының онкүндігінің жоспарына сәйкес жаратылыстану пәнінің мұғалімі Садуов Б.Е 6 сыныпта ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер. Сабақтың мақсаты: Тыныс алған кезде және шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты анықтау. Сабақтың жоспары білім беру стандартына сай жүйелі нақты құрылған. Сабақ барысында мұғалім Оpiq электронды оқулығын жақсы қолданды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды тиянақты орындады. Сабақ өте жоғары дәрежеде өтті.

2023-02-09 11:16:58

Скачать

"Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты" КММ-де 03.02.2023 күні 7 "А" сыныбында биология пәнінен "Жүйке жүйесінің құрам бөліктері.Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі,дендриттер, аксон.Нейронның қызметтері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: жүйке жүйесінің компоненттерін анықтау.Жаңа сабақты ашу мақсатында оқушыларға бейнефильм көрсетілді. Бейнефильм аяқталған соң Wordwall платформасында бейнефильм бойынша сұрақтар қойылды. 3 тапсырма орындалды. Рефлексия "Тик ток" әдісі арқылы болды. Оқушылар сабақ ұнады, сабақты түсінбедім және осы ақпаратпен досыммен бөлісе аламын деп өздерін бағалады.

2023-02-06 22:31:45

Скачать

Ауа.Ауа құрамы.

Қарағанды облысы білім басқармсының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ 09.12 .2022 ж Химия пәнінен қалалық ашық сабақ өтті.Тақырыбы: Ауа.Ауа құрамы. Мақсаты: Ауа құрамын білу. Заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу. Атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну.Сабақ жаңартылған білім мазмұнына сай құрылған,сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыстар бойынша тапсырмалар тиімді орындалды.Сабақта АКТ LearninqApps платформасы, Wordwall.net платформасы, https://classroomscreen.com/ платформалары тиімді қолданылды. Сабақта оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой өрісін, еркін сөйлеуін, танымдық қызығушылығын дамыту жолында мұғалімнің шеберлігі танылды. Сабақ өз мақсатына жетті

2022-12-14 14:56:51

Скачать

«My amazing travels»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де 25.11.2022ж күні қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 10 күндік декада аясында Шетел тілі пәнінің мұғалімі Абеуова И.Д 7Б сыныбында «My amazing travels» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында Travels сөзінің синонимдері түсіндіріліп, тақырып бойынша жаңа сөздер еңгізіліп, осы тақырыпқа байланысты видеоролик көрсетіліп, оқушылар LearningsAPP, Quizlet сайттарында тапсырмалар орындады. Оқушылырды сабақ процесіне тарту үшін АКТ мүмкіндіктері тиімді қолданылды. Оқушылардың шетел тіліне деген қызығушылығы сабақ барысында көрініп тұрды.

2022-11-30 10:59:23

Скачать

Friendship.

«Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 24 мектеп-интернаты» КММ де 25.11.2022 Ағылшын тілі пәні мұғалімі Абдуллаева А.К. 5 А сыныбында ағылшын тілі пәні бойынша ашық өткізді. Сабақтың тақырыбы: Friendship. Сабақтың мақсаты: мұғалімнің көмегімен оқу және жазылым дағдысын қалыптастыру арқылы "Досыма хат" жазуды үйрену. Сонымен қатар жаңа сөздерді пайдаланып, айтылым дағдысын арттыру. Сабақта айтылым дағдысын қалыптастыру мақсатында «About my friend», «Mixed words» сияқты әдістерді қолданды. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, мұғалімнің ұсынған тапсырмаларын түсініп, нақты жауап беруге тырысты.

2022-11-30 10:55:39

Скачать

Білімнің күші. «Кім күшті?» ертегісі

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ 25.11.2022 ж 2А сыныбында Lesson study зерттеу сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: Білімнің күші. «Кім күшті?» ертегісі Сабақтың мақсаты:2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау 2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу Сабақта айтылым дағдысын қалыптастыру мақсатында «Сабаққа кіру билеті», «Суретпен жұмыс», «Түсініп оқу», «Тез ойла», «Шатасқан әріптер» әдістер қолданылды. Сабақ барысында «Сабаққа кіру билеті», «Суретпен жұмыс» әдістері өте тиімді болды. Мұғалімі: Балмағамбетова Г.Е

2022-11-30 10:52:46

Скачать

«Квадрат теңдеулерді шешу»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ 24.11.2022ж күні математика пәні мұғалімі Бертаева Н.К. 8а сыныбында «Квадрат теңдеулерді шешу» тақырыбында қалалық ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты квадрат теңдеулерді шешуде Виет теоремасын қолдану болды. Сабақта барлық оқушыларды оқу процесіне тарту үшін АКТ мүмкіндіктері тиімді қолданылды. Сабақта жұмыс түрлерінің әртүрлілігі мейірімді, танымдық атмосфераның тұрақтылығын қамтамасыз етті. Жаңа білімнің ашылуына сыныптың барлық оқушылары қатысты: олар тақтада, жұпта, жұмыс парақтары бойынша өз бетінше жұмыс істеді. Сабақтың мазмұны балалардың қызығушылығын арттырып көңілді өтті. Пән мұғалімі балалардың бастамасын көтермелеп, эмоционалды ашықтық, сенім үшін жағдай жасады. Мұғалім, оның мінез-құлқы, сөйлеуі, кәсіби шеберлігі жағымды үлгі болады. Мұғалім заманауи талаптарға сәйкес жұмыс істейді, белсенді оқытудың әдістері мен формаларын біледі, сабақта оқушылармен жұппен және жеке жұмысты қолданды. Сабақ жоғары эмоционалды өрлеуде өтті. Балалар сабақтың шығармашылық және проблемалық жағдайларын қабылдайды, бұл мұғалім мен оқушылар арасындағы сенім дәрежесін көрсетеді. Бертаева Н.К. проблемалық оқыту және тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын белсенді қолданды. Нәтижесінде ол өз қызметін және оқушылардың қызметін заманауи білім беру талаптарына сәйкес шебер жоспарлайды. Оқушылардың белсенділігі, жауаптардың анықтығы, тапсырманы орындау кезінде шығудың жолын таба білу сабақта жұмыс істеу кезінде негіз болып табылады. Сабақта жұмыс нақты құрылып, жоспар бойынша жүргізілді. Әр кезеңнен кейін қорытынды жасалды. Мұғалім ең көлемді және күрделі материалды өте сәтті түсіну үшін әдістерді оңтайлы қолдана алды. Сабақтың барлық құрылымы сақталған. Сабақ өз мақсатына жетті.

2022-11-30 10:39:33

Скачать

«БІЛІМНІҢ ОЗЫҚ РЕСУРСТАРЫН АПРОБАЦИЯЛАУ»

Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен мұғалімдердің АКТ құзыреттілігін арттыру мақсатында қараша айының 03 күні «№24 мектеп-интернаты»КММ-нің мектеп инженері Тажибаев Ернат Бакытович «БІЛІМНІҢ ОЗЫҚ РЕСУРСТАРЫН АПРОБАЦИЯЛАУ» тақырыбында қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне онлайн семинар өткізді. Семинарға барлығы 26 мұғалім қатысты. Мұғалімдерге оқу процесінде қолданылатын интерактивті тапсырмаларды құрастыруға арналған электронды қосымшалармен жұмыс істеудің жолдары көрсетілді. Семинарда «Online Test Pad», . «Appsgeyser Android» «Quizlet», «Plickers», «Learnning Apps.org» қосымшалары таныстырылып, бастауыш сыныпқа арналған тапсырмалар ұсынылды Мұғалім үшін шаблон бойынша жаттығулардың 26-дан астам түрін жасауға болады. Мысалы, «Жұмбақтар», «Жұбын тап», «Сәйкестікті тап», «Тізімді белгілеу», «Дұрыс жауапты таңдаумен викторина», «Кроссворд» және т.б. жұмыс жасау барысы көрсетілді. Appsgeyser Android қосымшасын құруға және оны Google Play арқылы таратуға мүмкіндік беретін ақысыз веб-қызмет. Қолданбаларды қалағаныңызша жасауға болады және мүлдем тегін. Жобаны құруға арналған материал көптеген түрлі көздер болуы мүмкін (веб-бет, YouTube арнасы, PDF құжаты, RSS таспасы, фотосуреттер галереясы, аудио файл және т.б.).құрал ретінде мұғалімдерге ұсынылды. Мұғалімдердің барлық тапсырмаларға белсене қатысып, кері байланыс бере білді.

2022-11-04 08:17:14

Скачать

«Тарих сабақтарында білім сапасын толықтыру бойынша әдістемелік ұсынымдар"

Қарағанды облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Күздік мектеп-2022» облыстық пән мұғалімдеріне арналған онлайн курста, Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы, Шолакова Лаззат Бодыковна өз іс -тәжірибесімен бөлісті. Курстың тақырыбы: «Тарих сабақтарында білім сапасын толықтыру бойынша әдістемелік ұсынымдар". "Білім сапасының мәселелері. Нәтижеге жету әдістері"-деп аталады. Мақсаты: облыстық мектептің пән мұғалімдерінің бір-бірімен тәжірибе алмасу болып табылады. «Алдымен өзіңді-өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың, өзгелерге үйрете аласың» - дегендей В.Гете .Пән мұғалімі 6 сыныпқа арналған Қазақстан тарихы пәні бойынша: «Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы» тақырыбында сабақтың сапасына ықпал ететін қолданылған әдіс-тәсілдерін ортаға салып, курсқа қатысушы мұғалімдермен бірлесе практикалық жұмыс жасата отырып өзінің іс тәжрибесімен ой бөлісті .

2022-11-02 14:34:40

Скачать

«Үздік бейнесабақ»

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ Мұқтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған облыстық «Үздік бейнесабақ» байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,педагог-сарапшы Оспанова Жанат Нуроллаевна қатысты.Байқаудың мақсаты арнайы пән оқытушыларының педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдалану құзіреттілігін арттыру, заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату болды.Осы мақсатта Мұқтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі бойынша 7 сыныпта «Көксерек» әңгімесіндегі көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі тақырыбында байқау талаптарына сай бейнесабақ түсіріліп ІІІ орынды иеленді.

2022-11-02 13:03:21

Скачать

бiрiншiсi 1 2 3 4 7 соңғысы