БЕЙНЕРОЛИКТЕР

Дәреже: Бейнероликтер

 

Үйірме сабақтарының негізгі мақсаты – өз бетінше дами алатын жеке тұлғаның белсенділігін қалыптастыру, оқушыларға өз бетінше танымдық іс- әрекет әдістерімен дағдыларын меңгерту, ақыл -ой қабілетін жетілдіру. Оны мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттер негізге аламыз.
-әр оқушының шығармашылық арнайы ерекшеліктерін ескеру;
-оқушының белгілі бір өнер түріне деген қызығушылығын арттыру;
-имандылыққа, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу бағыттарын жүзеге асыру;
-оқушының жас ерекшелігін ескеру;
-техникалық білім мен біліктілікті қалыптастыру. Осындай мақсат, міндеттерді негізге ала отырып, Инстаграмм, Фейсбук интернет желісінде "Үйірме-2020" айдарымен мектебімізде өткізіліп отырған үйірме сабақтарынан бейнетаспа үзінділерінен көрсетілімді ата-аналар қауымы, желі қолданушылары тамашалай алады.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп-интернаты" КММ -сінде "Ғылым және технология" және үштілділік білім беру апталығы аясында «Мемлекеттік тілді - дамытамыз, орыс тілді - қолдаймыз, ағылшын тілді үйренеміз» тақыр

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп-интернаты" КММ -сінде "Ғылым және технология" және үштілділік білім беру апталығы аясында «Мемлекеттік тілді - дамытамыз, орыс тілді - қолдаймыз, ағылшын тілді үйренеміз» тақырыбында дебат өткізілді. 11 –сынып оқушылары үштілділік туралы өз білгендерін ортаға салып, үш тілдің де адам өміріне керектігін айқындап айта білді. #трехъязычие #наука #неделя #умц

2021-04-14 09:09:19

Скачать

«Ғылымға баспалдақ»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ –де «Ғылым және технология» және үштілділік білім беру апталығы аясында 3 «А,Ә» сыныптарында «Ғылымға баспалдақ» тақырыбында кішігірім тәжірибе өтті.

2021-04-14 09:03:01

Скачать

«Ғылым –білім негізі. Ғарышты бағындырған Қазақстан»

Қазақстан» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру, қазақ ұшқыштарын мақтан тұтуға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Сынып сағатында оқушыларға «Ғарышты бағындырған Қазақстан» атты бейнефильм көрсетілді.Оқушылар ғарышқа ұшқан алғашқы адам Юрий Гагарин, қазақ халқынан алғаш ұшқышы Тоқтар Әубәкіров, ұшқыштары Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов туралы білімдерін жетілдірді. «Жұмбақтар», «Сөзжұмбақтар» шешілді, «Ғылым» сөзінің мағынасын түсіндірді.Қорытынды жұмыс ретінде «Су –тіршілік көзі» атты тәжірибе көрсетті.Сынып сағаты өте қызықты ұйымдастырылды.

2021-04-13 11:39:54

Скачать

«Өнегелі өмір» жобасын іске асыруда және ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай, оқушыларға кәсіптік бағдар беру,мамандыққа баулу,кейінгі ұрпаққа парасатты азаматтарды үлгі ету мақсатында «Ұстазы жақсының – ұста

«Өнегелі өмір» жобасын іске асыруда және ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай, оқушыларға кәсіптік бағдар беру,мамандыққа баулу,кейінгі ұрпаққа парасатты азаматтарды үлгі ету мақсатында «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» тақырыбында онлайн кездесу өтті.

2021-04-06 11:14:45

Скачать

"ЭКОАСАР" акция аясында "Бөлме гүлдерін күту" челленджіне қатысты.

"Балқаш қаласының 24 мектеп- интернаты" КММ- нің жас экологтары "ЭКОАСАР" акция аясында "Бөлме гүлдерін күту" челленджіне қатысты.Мақсаты: оқушылардың көктемгі демалысты тиімді пайдалануына,табиғатты,экологияны сақтауға тәрбиелеу.Ұйымдастырушылар: сынып жетекшілер,аға тәлімгер Өрікбай М.Е

2021-03-30 09:47:56

Скачать

«Батырлар жыры –бабалар үні» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды.

«Қарағанды облысы білім басқарамасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №24 мектеп -интернаты» КММ –де 5-7 сынып оқушылар арасында «Батырлар жыры –бабалар үні» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: көктемгі демалысты тиімді ұйымдастыру, оқушыларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жетістіктерін дәріптеу, батырлар жырларын білуге, құрметтеуге үйрету. Ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Н.Оспанова оқушыларға қазақ халқының батырлары мен батырлар жырларын таныстырды.Танымдық сабақта «Сен білесің бе?», «Аттардың иесін табыңдар» кезеңдері арқылы оқушылар өз білімдерін жетілдірді. #көктемгіканикул

2021-03-29 08:57:12

Скачать

"Мектеп президенті мен өзін - өзі басқару ұйымының мүшелерін сайлау"

"Мектеп президенті мен өзін - өзі басқару ұйымының мүшелерін сайлау"

2021-03-29 08:54:41

Скачать

Баталы балаға бақ қонады

Бата

2021-03-26 09:38:14

Скачать

Жаңбырмен жер көгеререді, батамен ел көгереді

Бата

2021-03-26 09:35:13

Скачать

Алдар көсе ертегісінен үзінді

Ертегі

2021-03-26 08:51:01

Скачать

Наурыз Жайлау күні

Наурыз Жайлау күні

2021-03-21 21:29:31

Скачать

«Ата салтын сақтаймыз!» атты пікір - сайысы өтті.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімі «№24 мектеп -интернаты» КММ -де Наурыз мерекесі қарсаңында 20 наурыз «Зияткерлік» күніне орай 8-9 сынып оқушыларымен «Ата салтын сақтаймыз!» атты пікір - сайысы өтті. Мақсаты: оқушыларымызды қазақ халқының салт-дәстүрлерін,әдет -ғұрыптарын сақтауға және шапшаңдық, белсенділік қабілеттерін арттыруға, елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Әр топ өзін таныстырудан бастады. Топтардың мүшелерін шапшаңдыққа , жылдамдыққа үйрету барысында ұйымдастырушы алдымен «Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері» атты «ширату сұрақтарын» қойды. Топтарға тақырыптар бөлініп берілді.І топ: «Қамшы», ІІ топ – «Ұршық» тақырыптарын «Қазіргі заманда қолданылады ма?», «Қажеті бар ма?», «Маңыздылығы қанша?» деген сұрақтар арқылы оқушылар өз жауаптарын берді.Пікір - сайыс оқушыларға ата-салтымыздың маңыздылығын, құндылығын үйретті. Ұйымдастырушы:аға тәлімгер Өрікбай М.Е #наурыз2021

2021-03-21 21:22:24

Скачать

бiрiншiсi 1 3 4 5 6 7 12 соңғысы